$510.08 €539.61 ₽5.15
×

Оралдық өрт сөндіруші қардан қазақтың ақбас сиырын жасады

AstanaTV
14.01.2021ж. 20:00
2922
Оралдық өрт сөндіруші қардан қазақтың ақбас сиырын жасады

Оралдың қақ ортасында алып бұқа пайда болды. Желкесі күжірейіп, көшедегі жүргіншілерге сүзіле қараған жануардың мүсінін жергілікті өрт сөндіруші Әлішер Құттығали жасап шығыпты. Сиыр жылының кіргенін өрт сөндіруші осылайша еске қалдырмақ болған. Құтқарушы мүсін жасауды бала кезінен ұнататын көрінеді. Ал, қазақтың ақбас сиыры Әлішер Құттығалидің бірінші туындысы емес. Өрт сөндіруші мұның алдында да қардан бірнеше мүсін жасаған екен. Өткен жылдары ол, өрт сөндіретін көлік пен Жеңістің 75 жылдығына орай «Т-34» танкісін қардан қалаған.

Әлішер ҚҰТТЫҒАЛИ, ОРАЛ ҚАЛАЛЫҚ №1 МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН ӨРТ СӨНДІРУ БӨЛІМІНІҢ ҚҰТҚАРУШЫСЫ:


Айналадағы адамдар келіп фотоға, үлкен кісілер болсын, машинамен өтіп бара жатып тоқтап, келіп суретке түсіп, балаларын әкелгенде ерекше сезім қалады. Мен үшін бір үлкен жетістіктің бірі деп ойлаймын.

Е. Карин