Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Н.Нығматулин Мәжіліс төрағасы болды

AstanaTV
15.01.2021ж. 20:00
2122
Н.Нығматулин Мәжіліс төрағасы болды

Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында Нұрлан Нығматулин, Мәжіліс спикері лауазымына сайланды. Жаңа жасақталған депутаттар, төменгі палата төрағасын жасырын дауыс беру арқылы таңдаған. Нұрлан Нығматулиннің кандидатурасын мәжілістегі барлық фракция мүшелері мен Қазақстан халқы ассамблеясы депутаттары қолдады.

Нұрлан НЫҒМАТУЛИН, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:


Мені тағы да осы жоғары лауазымды қызметке - Мәжіліс төрағасы ретінде сайлағандарың үшін шын жүректен алғысымды білдіруге рұқсат етіңіздер! Біріншіден, бұл мен үшін өте үлкен жауапкершілік. Сіздердің және біздің сайлаушылардың сенімін ақтау үшін барлық жинаған білімімді, тәжірибемді жұмсайтын боламын.

Қызметіне қайта кіріскен Мәжіліс спикерінің екі орынбасары да белгілі болды. Балайым Кесебаева мен Павел Казанцевтің кандидатурасын, Нұрлан Нығматулин ұсынды. Ұсынысты депутаттар бірауыздан қолдады. Бұдан бөлек, жиында Төменгі палатаның 7 комитетіне төрағалар сайланды. Сондай-ақ, VII шақырылған Парламент Мәжілісінің толық құрамы, бүгін халық алдында ант берді.

А. Мүтәлі