Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

Белгілі актер Әлімғазы Райымбековтың өмірден өтуіне байланысты Елбасы көңіл айтты

AstanaTV
19.01.2021ж. 20:00
1874
Белгілі актер Әлімғазы Райымбековтың өмірден өтуіне байланысты Елбасы көңіл айтты

Тұңғыш Президент, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев - белгілі актер Әлімғазы Райымбековтің өмірден өтуіне байланысты туыстарына көңіл айтты. "Әлімғазы Райымбеков, ұлттық киномызда ұмытылмас бейнесі мен өзіндік ізін қалдырған талант иесі болатын. Оның жарқын бейнесі жұртшылық жадында әрдайым сақталады", деді Елбасы. Шәкен Аймановтың әйгілі «Тақиялы періште» фильмінде басты рөлді сомдаған Әлімғазы Райымбеков 86 жасында дүниеден озды.


Д. Мұхаммедкәрім