$491.7 €531.28 ₽5.07
×

Нұротандықтар Петропавл тұрғындарының кәріз жүйесіне қатысты мәселесін шешіп берді

AstanaTV
13.09.2017ж. 20:00
1977
Нұротандықтар Петропавл тұрғындарының кәріз жүйесіне қатысты мәселесін шешіп берді

Нұротандықтар Петропавлдағы Былғары зауыты кенті тұрғындарының кәріз жүйесіне қатысты мәселесін шешіп берді. Рыжов көшесіндегі екі қабатты тұрғын үй өткен ғасырда бой көтерген. Жер үйлердің маңында тұрғандықтан, кәріз жүйесі қарастырылмаған. Қалдық су арнайы құдыққа ағады. Бес жыл бұрын кәріз жүйесі істен шығып, жертөле үнемі қалдық суға толатын. Жағымсыз иіс өз алдына, әрдайым техникамен сорғызу тұрғындардың қалтасын қағады.

Бұқара "Нұр Отан" партиясына жүгінді. Ұйым белсенділері мазасы қашқан жұртқа орталық кәріз жүйесіне қосылу бойынша ақпар берді. Тұрғындар құжаттарды жинауға кірісті.

Кеңес Мұқышев, «Нұр Отан» партиясы Петропавл қалалық филиалы төрағасының орынбасары:

Біз бұл жұмысты бақылауға алдық. Жобалық сметалық құжаттаманы жасауға және кәріз жүйесін тартуға қажет қаражат жергілікті бюджеттен бөлінуі мүмкін. Мұны мәслихат қарастырады.