Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Сарыағаштық азаматтың өліміне қатысты қылмыстық іс сотта қарала бастады

AstanaTV
21.01.2021ж. 20:00
2715
Сарыағаштық азаматтың өліміне қатысты қылмыстық іс сотта қарала бастады

Түркістан облысында 27 жастағы жігіттің өліміне қатысты сот отырысы басталды. Әлеуметтік желіде қызу талқыланған бұл қайғылы оқиға, былтыр мамыр айында болған. Марқұмның туысы біздің арнамызға хабарласып, "Күйеуі бар, көп балалы келіншекпен байланыста болғаны үшін інісін, қыздың туыстары мерт қылды", деген еді. Тақырыпты Айзада Төрбекқызы тарқатсын.

27 жастағы жігіттің өліміне екі адам айыпталды. Біреуі марқұммен байланыста болған келіншектің күйеуі, екіншісі - қыздың туған інісі. Оларға, жас жігітті өлімші етіп сабады, деген айып тағылған. Марқұмның артында төрт баласы қалды.

Ермек ӘБДІҒАНИЕВ, МЕМЛЕКЕТТІК АЙЫПТАУШЫ:

Өзінің қылмыстық іс-әрекеттерімен денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру мақсатында адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша жәбірленуші Ә.Баймұрзаевқа ауыр дене жарақатын келтіру нәтижесінде абайсызда оның өліміне алып келіп соқтырып қылмысты қасақана жасағандары үшін айыпталып отыр.

Бұл оқиға өткен жылдың мамыр айында болған. 27 жасар жігіт күйеуі бар келіншекпен байланыста болғаны үшін ауыр соққыға жығылған. 4 күн ес-түссіз жатып ол, ауруханада көз жұмды. Марқұмның ағасы, інісінің көз алдында таяқ жегенін айтып отыр.

Болат БАЙМҰРЗАЕВ, МАРҚҰМНЫҢ АҒАСЫ:


Екеуі толықтай мойындап, иә, біздің қызымыз ақымақтық қылып жатыр. Біз қаншалықты қой деп айтсақта қоймай жатыр. Есенгелді күйеуім мені ішіп келіп ұра береді. Семьялық жағдайымыз дұрыс емес. Солай болды деп мән-жағдайды түсіндіріп, сонымен маған келген себебі олар сол уақытта.


Болат Баймұрзаев, сол күні інісімен сөйлескен екен. Марқұм, байланысты доғаратынын айтып уәде берген. Алайда, ол нақсүйерімен бәрібір кездескен. Айтуынша, кездесуге оны қыздың өзі шақырыпты.

Болат БАЙМҰРЗАЕВ, МАРҚҰМНЫҢ АҒАСЫ:

Смс- пен, телефонмен звондасып, жазысып қайта-қайта звондап таңғы сағат 6-дан бастап кешкі сағат сегізге дейін 175 мәрте звондаған ғой Ақерке Әуезханның нөміріне. –Сол күні баратын күні ғой? –иә, сол күні. Соған сүйеніп бұл шақыртқан деген менде тұжырым келіп отыр бұл жерде. –өзіңізге? –иә.

Болат Баймұрзаевтың айтуынша, інісін алты адам жабылып сабаған көрінеді. Алайда, айып екі адамға ғана тағылған. Жәбірленуші тарап қыздың әкесін де жауапқа тартуды талап етіп отыр.

Құрманғалы МҮСІР, ЖӘБІРЛЕНУШІНІҢ ЗАҢДЫ ӨКІЛІ:

Дұрыс тергелмеді. Көп жерлері мысалы  үшін сараптама дұрыс жүргізілмеген. Бізде суреттері бар, моргтан барып мәйітін түсірген уақытта денесіне пышақтың тығылған іздері бір емес, бірнеше ізі. Әртүрлі тек қана бастан емес бастан емес денесінен басқа жерлерінен де ұрылған.

Бұл сот отырсын негізі қазан айында өтуі керек еді. Алайда, судья істі тергеуге қайта жіберіп іс қаңтарға қалды. Бейсенбіге белгіленген келесі сот процесінде куәлар тыңдалмақ.

А. Төребекқызы