Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

Павлодар облысында бүтін бір ауыл өзен суын ішіп отыр

AstanaTV
21.01.2021ж. 20:00
2389
Павлодар облысында бүтін бір ауыл өзен суын ішіп отыр

Павлодар облысында бүтін бір ауыл өзеннен су ішіп отыр. Ақсу қаласына қарасты Еңбек шағын елді мекені осылай күн көріп отырғанына 30 жыл болыпты. Ауылға ауыз су құбыры тартылған, бірақ әлі күнге іске қосылмапты. Суға зар болып отырған ауылға Өзгеріс Қуанар барып қайтты.

Ақсу қаласына қарасты ескі "Еңбек" елді мекенінде бар жоғы 40 түтін бар. Бұл үйдің бәрі Ертістен су ішіп отыр.

Әсемгүл ӘКЕТОВА, ЕҢБЕК АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Суды мал ішіп жатқан жерден алып жатырмыз. Сосын мына жерде речка бар Ертіс сол жерден пророб жасап, тура сол кір, кір емес, малдар ішеді. Оны постояна ойып аламыз. Ойып алмасақ су болмайды.

Ал 1000-нан аса халқы бар жаңа Еңбек ауылы суды ауылдағы жалғыз құдықтан алады. Оңтайландыру кезінде билік екі бөлек орналасқан ауылдарды қосып, бір елді-мекен жасапты.

Өзгеріс ҚУАНАР, ТІЛШІ:

Ауылдағы ағайын бір шелек су алу үшін күнде осылай кезекке тұруға мәжбүр. Өйткені, сусаған халық ерте келмесе, су алуға үлгермей қалуы да мүмкін. Кезектің соңы кім? – Мен.  – сізден кейін апай.

Мерзенхан КАМЕЙ, ЕҢБЕК АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Мен бір фляг алуға соңғы 2 күнде 2 сағаттап тұрдым. 2 сағат тұрып бір плаг су алдым. Көшенің ана басы 1 шақырым жерден келіп алып.

Ака БОПАЛАЙ, ЕҢБЕК АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Міне жерде кешке дейін су тасу оңай емес қыстың қысымшылығында тоңып үсіп жығылып дірілеп тұрасың, битіп қоқиып. Кейде ала аласың, кейде ала алмайсың, кетесің құр ырбиып. Сонда біз қалай өмір сүруіміз керек.

Тұрғындар суды 30 жылдан бері тасып ішіп келе жатқандарын айтты. Оның өзі тегін емес. 30 литрді 30 теңгеге сатып алады.

Қуат КӨЖЕКҰЛЫ, ЕҢБЕК АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Мынаның суы таусылып қалады біраздан кейін. Таусылып қалады мына су. Таңертең бір 200 литр судан соң азайды. Сосын тамшылап қалады болды. Сосын 4 сағат тұрамыз да қайтамыз. Шыны керек, бос қайтқан күні жанымыздағы ауылдардан су қарызға аламыз.

Мәселеден жергілікті атқамінерлер хабардар. Ауылға су құбырын тартқан мердігер жұмысты орта жолдан тастап кетіпті. Соның салдарынан бүтін бір ауыл сусыз қалған.

Болатхан СУКЕР, МӘМӘЙІТ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ:

Жобаның мерзімі 2 жыл болатын. Мердігер компаниялардың жауапгершілігінің жоқтығынан 3 жылға дейін созылып кетті. Қазір ол компаниялармен соттың шешімімен келісім шартымыз доғарылып, жұмыс тоқтады біраз. Қосымша компания мердігер компания тартылып,  жұмыс қайта жанданып, жұмыс жүріп жатыр.

Ауыл әкімі болса халықтың сөзін теріске шығарып отыр. "Өзеннен ешкім су ішіп отырған жоқ", дейді әкім. Ал, су құбырының іске қосылмай қалуына қатты аяз себеп болыпты.

Марат ТӨЛЕУОВ, "АҚСУ СУ АРНАСЫ" МЕКЕМЕСІНІҢ БАС ИНЖЕНЕРІ:

Құбырдың 3 жерінен ақау табылды. Қазір соны қалпына келтіріп жатырмыз. Біздің басты мақсатымыз осы су беру. Бұрынғы мердігердің жұмысын жасап жатырмыз.

Мердігер кәсіпорын, су құбырын бір айдың ішінде қалпына келтіретінін айтып отыр. Бірақ өзеннен су ішіп отырған халық оған сене алатын емес.

Ө. Қуанар