Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Жамбыл облысында көліктер жолда қалды

AstanaTV
22.01.2021ж. 20:00
2050
Жамбыл облысында көліктер жолда қалды

Жамбыл облысында түнде ақ түтек боран басталып, жолда жолаушылар қалып қалған. Төтенше жағдай мамандары қар құрсауында қалған 100-ге жуық адамды құтқарыпты. Осыған орай барлық бағыттағы жолдар жабылған.  "Алматы-Термез-Ташкент" автожолында 38 жүк көлігі, 15 жеңіл автомашина мен 2 шағын автобус қалып отыр. Әзірге зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ. Құтқарушылар мен тәртіп сақшылары жолға шықпауға кеңес береді. Халықаралық маңызы бар автодәлізде көліктердің ұзын сонар кептелісі пайды болған.

Ербол ӘМІРОВ, ЖУАЛЫ АУДАНДЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ:


"Тараз-Шымкент" жолы барлық көліктерге жабылды. Қазақавтадор мекемесінің техникалары жолдағы тазалау жұмыстарын жүргізуде. Жол ашылғанда телефондарыңызға хабарлама түседі. Сабырлық сақтаулараңызды сұраймын.


Б. Жұмабай