Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

«Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығындағы» біраз былық әшкере болды

AstanaTV
25.01.2021ж. 20:00
2053
«Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығындағы» біраз былық әшкере болды

«Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығындағы» біраз былық әшкере болды. Орталықтың еншілес ұйымдарына тиесілі ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер, жергілікті әкімдіктің араласуымен жеке иелікке өтіп отырған. Бұл туралы "Nur Otan" партиясының бақылау комитетінің отырысында белгілі болды. Ақсаған аграрлық сектордың инновациялық дамуын қамтамасыз етуі тиіс орталықтың, жәй-күйін Әлішер Өмірзақ жеткізеді.

«Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» 2015-ші жылы құрылды. Өткеннің методикасынан ары аса алмай жүрген аграрлық сектор, ғылыммен қолтықтасып жаңа деңгейге шығады деген үмітпен құрылған. Бірақ ғылыми орталық бөлінген қаржыны игере алмай, еншіліс ұйымдардың жұмысын жүйелендірудегі олқылықтарды шеше алмай отыр.

Андрей АГЕЕНКО, «ҚАЗАҚ ЕГІНШІЛІК ЖӘНЕ ӨСІМДІК ШАРУАШЫЛЫҒЫ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ИНСТИТУТЫ» ЖШС БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ:


Мәселен Алматы облысы Қарасай ауданында «Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» 449 гектар жерінен айырылды. Неше жыл өтсе де қайтара алмай келеміз. Талдықорған қаласында да осыған ұқсас жағдай. 50 және 30 гектар жер мемлекетке деп алынғанымен, кейін жеке біреудің иелігіне өткені белгілі болды. Бұл проблеманы «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығығы» қарастырып, еншіліс ұйымдардың құқығын қорғауы тиіс.
 
Бұдан бөлек, мекеменің жалақы негізсіз көтерлігені де тексеріс кезінде белгілі болған. 2018 жылмен салыстырғанда 2019 жылы айлық 2 есеге көтерілген. Сондай-ақ бөлінген қаражатты игере алмағаны да анықталған.  

Мирас ШЕКЕНОВ, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНЫҢ ПАРТИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІНІҢ МҮШЕСІ:

Бюджет қаражатын тиімсіз пайдаланғаны анықталды. Қаражаттың басым бөлігі штатты қамтамасыз етуге және әкімшілік қажеттіліктерге жұмсалып отырған.


Бұл мәселеге орталық басшысы былай деп жауап берді.  

Гүлмира ИСАЕВА, «ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-БІЛІМ БЕРУ ОРТАЛЫҒЫ» КеАҚ ТӨРАЙЫМЫ:

Бұл мәселе бойынша 5 ұйым басшысы жауапқа тартылды. Дегенмен оларға бөлінген қаражатты уақытылы, қажетті дүниеге жұмсауға конкурс шарттары себеп болып отыр. Алдағы уақытта қажетті техниканы конкурссыз негізде алу мәселесін көтереміз.

Отырыс соңында Орталық жұмысындағы оқылықтарды жоюға 1 айдан астам уақыт берілді. Оның нәтижесін партияның бақылау комитеті өз бақылауына алатын болды.  

Ә. Өмірзақ