Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Көкшетау университетінің студенттері арасында парақорлыққа қарсы квест басталды

AstanaTV
26.01.2021ж. 20:00
1847
Көкшетау университетінің студенттері арасында парақорлыққа қарсы квест басталды

Коррупцияға қарсы квест. Ақмолада жең ұшынан жалғасқан сыбайлас жемқорлықпен күрес басталды. Осы бастама аясында бір ай бойы мамандар жастарға парақорлықтың залалы мен зияны туралы баяндайды. Ұйымдастырушылар жастарды қызықтыру үшін түрлі әдістерді де қолданбақ. Шараның соңында адалдық капитандарының турнирі өткізіледі. Осы байқаудың қорытындысы бойынша қазылар алқасы факультеттің ең үздік командасын анықтап, адалдық Кубогімен марапаттайды. Командалардың жетекшілері көмекші ретінде ат салысып, өздерінің оқу орнындағы әдеп жөніндегі өкіл ретінде іске кіріседі.

Айгүл СОЛОВЬЕВА, «ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҰЙЫМДАРЫ ҚАУЫМДАСТЫҒЫ» ЗТБ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Жастарға қызықты болуы үшін квест ойынын таңдап алдық. Сонда ғана жастар парақорлықтың қандай ауыр кесел екендігін тереңірек түсініп, қабылдайды деген үміттеміз. Біз жастар осы процеске белсене қатысса деген ниеттеміз. Өйткені қоғамдық деңгейде қолдау болмаса, ешбір агенттіктің бастамасы іске аспайды.

Е. Карин