Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Барымташы ағайындылардың қатаң жазалануын, ауыл халқы талап етті

AstanaTV
27.01.2021ж. 20:00
3526
Барымташы ағайындылардың қатаң жазалануын, ауыл халқы талап етті

Үйір-үйір жылқысын ұрлатқан батысқазақстандық шаруалар, барымташы ағайындыларға қатаң жаза сұрайды.

Ұзақ жылдар бойы ауыл халқын қан қақсатқан қарақшылардың ісі, Ақжайық ауданындағы сотта қаралып жатыр. Ұзаққа созылған қылмыстық іске қатысты алғашқы сот отырысына келгендер, ғимаратқа сыймады.  Олардың айтуынша, қолды болған қой мен ешкінің саны жоқ. Сиыры мен жылқысын да айдап әкеткендердің жазасы қатал болуын талап етеді. Күдіктілерден тәркіленен 618 жылқыға шектеу шаралары салыныпты. Бірақ кейін бұл шектеу алынып, күдіктілер қолда бар малын оңды-солды сатып жіберген. 150 жылқыны ғана қалдырыпты. Моттың бұл шешімімене ауылдықтар келісе алар емес.

Аманжол ЗИНУЛЛИН, ЖӘБІРЛЕНУШІ:

68 эпизод ұрлық болды басында тергеушілердің өздері анықтағаны. Ең соңында қазір сотқа кеткені 48-і сотқа жіберілді дейді. Міне осының бәрі үлкен күмән туғызады. Осының айналасында жатқан бір құқыққорғау органдарымен араласып жатқан сыбайластық бар ма деген.


Кемел ОРАЛОВ, ЖӘБІРЛЕНУШІ:

Бұған дейін де мал ұрлығы көп болды. 41 бас жылқы кетті, 6 бас ірі қара малы кетті, оның алдында 2013-жылы 4 жылқы кетті. Кеше мына кісілер ұсталғаннан кейін ауыл тып-тыныш болды. Бір де бір бас жоғалған жоқ. Күзде жоғалатын еді ғой, тып-тыныш, ешкімнің бір де бір басы жоғалған жоқ. Сондықтан осылардың әрекет жасап жүргені болып тұр ғой.


Батыс Қазақстан облысындағы үш ауданның аумағынан жүздеген бас мал ұрлады деген күдікпен ағайынды барымташылардың ұсталғаны туралы былтыр көктемде хабарлаған едік. Елді шулатқан күдіктілердің үстінен бірнеше қылмыстық іс қозғалды. Қазір сотта бес жігіттің ісі қаралуда. Олардың төртеуі – ағалы-інілі жігіттер.

Нұргүл ҚАНАТБАЕВА, БҚО СОТЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

Берікболат, Болат, Болатбек Ешовтерға және Нұрқат Елеусіновке қатысты бірнеше рет аса ірі мөлшерде бөтеннің мүлкін заңсыз жымқыру жөнінде қылмыстық іс қаралуда. Қаруды заңсыз ұстағаны үшін, бөтеннің мүлкін қасақана өрт қойып жою, мал ұрлау яғни бөтеннің малын жасырын жымқыру бойынша айыптар тағылды.


Е. Карин