Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Алматыда «Өңірлерді дамыту бағдарламасы» іске қосылды

AstanaTV
29.01.2021ж. 20:00
2626
Алматыда «Өңірлерді дамыту бағдарламасы» іске қосылды

Алматыда «Өңірлерді дамыту бағдарламасы» аясында бірқатар жұмыстар қолға алынды. Қазір қала көшелері мен шеткі аудандарында жарық, жол, арық желілері салынбақ. «Nur Otan» партиясының аймақтарды дамыту бағдарламасы алдағы 5 жылға дейін жоспарланған. Қалалық мәслихаттың депутаты Ерболат Қасымов аталған бағдарлама аясында мектептер мен балабақшалар салынатынын айтты.

Ерболат ҚАСЫМОВ, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНЫҢ АЛМАТЫ қ. ФИЛИАЛЫ ЖАНЫНДАҒЫ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

«2025-ші жылға дейінгі өңірлерді дамыту бағдарламасы» бойынша біз бұған дейін партиялықтар арасында отырыс өткізген болатынбыз. Бүгін міне тағы да бас қостық. Алдағы бес жылда қаланы дамытуға арналған бағдарламаларды құрдық. Бес жыл ішінде шаһарда кем дегенде 7 мектеп пен 324 балабақша салуымыз керек. Қазірдің өзінде бірталай жұмыс басталып кетті.

Аталған бағдарлама аясында қаланың шеткі аудандарын сумен қамту мәселесі де шешілетін болды.  Сондай-ақ Думан шағын ауданы мен Алатау, Наурызбай ауданындағы жолдар күрделі жөндеуден өтпек. Депутаттар көпбалалы отбасылардың әлеуметтік мәселесін де көтеруді жоспарлап отыр. Олар алдағы уақытта қоғамдық көліктерде тегін жүру үшін күш салмақ.

Гүлжан БЕКЕНОВА, АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ, «NUR OTAN» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Оқушылардың білім сапасын көтеру мәселесі, сонымен қатар көпбалалы аналарды әлеуметтік қажет ететін отбасы балаларын қолдау шаралары жүзеге асырылуда. Келешекте алтын алқа, күміс алқа, алқалармен марапатталған көп балалы аналар қоғамдық көліктерде тегін жүруге мүмкіндік алады.

Ә. Лесбек