Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Тараздағы банк ғимараттарында пандус орнату талаптары толық сақталмаған

AstanaTV
12.09.2017ж. 20:00
3727
Тараздағы банк ғимараттарында пандус орнату талаптары толық сақталмаған

Тараздағы банк ғимараттарында пандус орнату талаптары сақталмаған. Бұл туралы «Нұр Отан» партиясының «Кедергісіз келешек» жобасы аясында өткен арнайы рейдтік шара барысында белгілі болды. 

«Халық банкінің» филиалдары мен құқық қорғау органдары ғимаратының кіре берісі, клиенттерге қызмет көрсету орындары тексерілді. Банктің бас ғимаратында табалдырыққа төселген жолақ ескіріп кеткен. Негізгі есікте зағип жандарға арналған «Брайн» белгісі қойылмаған. Ал, көлік тұрағында мүгедектердің автокөліктеріне арналған жолақ сызбаларда кемшілік көп. Мәселен, стандартқа сәйкес жолақтың ұзындығы 5 жарым, ені 3,60 метр болуы шарт. Алайда, мамандар өлшегенде 4,40 және 3,50 метр ғана болды. Партия өкілдері банк басшыларына тиісті ескерту жасады. Жыл соңына дейін олқылықтың орнын толтыруды міндеттеді. Алдағы уақытта 904 мекеменің мүгедектерге жасаған жағдайы жіті тексерілмек.