Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

Жұмыртқаның бағасын кім ауыздықтайды?

AstanaTV
02.02.2021ж. 20:00
3606
Жұмыртқаның бағасын кім ауыздықтайды?

Жұмыртқа бағасы күн сайын құбылып келеді. Қазір 10 дана тұқым құны 500 теңгеден түспейді. Бұл әсіресе бұқараның наразылығын тудырды. Жұмыртқа бағасының шарықтауына не себеп? Бағаны кім ауыздықтайды? Бұл сауалдарға әр аймақтағы әріптестерім жауап іздеп көрді.

Мөлдір ТОҚТАСЫНҚЫЗЫ ТІЛШІ:
 
Қызылордада бағаның шарықтауы желтоқсан айында басталды. Қазір базардағы тауық жұмыртқасының 10 данасы 500 теңге. Ал, табиғи таза үйде бапталған жұмыртқа 1000 теңгеден сатылып жатыр.

Бағаның бірден екі есеге өсуі, әсіресе көпбалалы отбасылар мен зейнеткерлерге ауыр тиюде.
 
БЛИЦ:

- Тез қымбаттап кетті. Әрине, ол қалталы адамдарға ешнәрсе етпейтін шығар. Бірақ зейнеткерлердің қалтасына ауыр тиеді әрине.

- Жұмыртқаның бағасы 50 теңгеден жоғары болып кетті. Мысалы көп балалы аналарға, жұмыста жоқ қазір кризистің уақытында, карантин кезінде көп адамдарды жұмыстан шығарып жіберіп жатыр. Әрине қатты қалтаға тиеді.

- Тек жұмыртқаның бағасы ғана емес қымбаттап кеткен. Азық-түліктің бәрі қымбаттап жатыр. Ақшаның құны жоқ.


Өңірде құс фабрикасы жоқ. Есесіне өзге өңірлерден аптасына 4 млн данаға жуықтайтын жұмыртқа әкелінеді. Мұны жергілікті атқамінерлер айтты. Олар арадағы делдалдардың кері әсері болып жатыр деп ақталды. Ал, фабриканы ашу арқылы бағаны төмендете алмаймыз деп отыр.

Ерхан АҒЫБАЕВ, ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

Жұмыс істеп жатқан құс фабрикалары жоқ. Негізгі көлем Солтүстік облыстардың құс фабрикаларынан тасымалданады. Біздің облыс негізінен мал азығындық дақылдары өндірілуі қиындау. Себебі табиғи климаттық жағдайлары онша сәйкес келмейді. Суырмалы түрде өндіруге болады. Бірақ оның өзіндік құны жоғары болып кетеді. Соңғы өнім бағасына әсерін береді.  

Шенділер халықты әлеуметтік дүкендерден жұмыртқа алуға шақырды. Ондағы бағаны бағамдасақ, 10 данасы 370 теңгеден саудалаған. Бірақ қазір сөрелер бос тұр.  

Мөлдір ТОҚТАСЫНҚЫЗЫ, ТІЛШІ:

Қалада ғана емес ауылды жерлерде де баға бағынбай барады. Жұмыртқа бағасының неге жылдам өсіп жатқанын әкімдіктегілерде түсіндіре алмады. Өндірісті аймақ Керекуде де баға оңып тұрған жоқ. Өзгеріс, 10 дана жұмыртқаны қаншадан алып жүрсіңдер?  

Өзгеріс ҚУАНАР, ТІЛШІ:

Рахмет, Мөлдір! Павлодарда да жағдай көңіл көншітпейді. 10 жұмыртқаның ірісі 490 теңгеден, майдасы 400 теңгеден сатылып жатыр. Бағаның бағынбай бара жатқанына тұрғындар да наразы.

БЛИЦ:

- Жұмыртқа 440. Ол не деген пәле? Қымбаттап жатыр. Вообще Павлодардың бағасы түгел қалалардан қымбат.

-  Баға көтеріліп жатыр. Халықты ойлап жатқан ешкім жоқ қазір.


Ал жергілікті шенділер бағаны ұстап тұруға қауқарсыз екендерін мойындады. Десе де, жұмыртқа бағасын тұрақтандыру бойынша тиісті жұмыстарды жүргізіліпті.  
 
Медет ШОҚАНОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ ИНДУСТРИЯЛЫҚ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Өткен жылы жергілікті кәсіпорындардың бірімен екі жақты келісім шарт жасадық. Кәсіпкерге жеңілдетілген несие беріліп, оған бағаны тұрақты ұстап тұру туралы талап қойылды. Осылайша, бағаны ұстап қалуға барымызды салып жатырмыз.
 
Бірақ нәтижесі көрінер емес. Құс фабрикалары болса, бағаның күрт өсуіне құс тұмауы әсер етті дейді.  Өткен жылы өңірде 3 мыңнан аса тауық аталған дерттен қырылып қалған. Оған қоса тағы 126 мыңнан астам құстың көзі жойыпты. Осы секілді факторлар жұмыртқа бағасының қымбаттауына әкелді - дейді, фермерлер.

Ербол ДОСЫБАЕВ, «ПАВЛОДАР ҚҰС» ФАБРИКАСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

Біз ойымызға келгенді істеп жатқан жоқпыз. Бізде де затратный часть үлкен. Үлкен фабриканы асырау, қазір қымбаттап жатыр. Бидай алсақ қымбаттады. Подсолнечный шрот өте керек нәрсе. Сол үшін жұмыртқа пайда болады. Ол түгелі өте өте қымбат. 30-40 пайызға шейін көтеріліп кетті. Одан көп көтерілмесе. Сол түгел әсер етті бағаға.
 
Өзгеріс ҚУАНАР, ТІЛШІ:

Бағаның өсуі қалыпты құбылысқа айналған секілді. Бұны енді кімнің тоқтата аларын айту қиын. Сондықтан, жұмыртқа бағасы өзге де азық-түлікке әсер етпесін - деп түйдік. Бас қалада да жағдай мәз емес. Астанадағы жұмыртқаның бағасын әріптесім базардан біліп қайтты. Бекболат, сөз өзіңде.


Бекболат САТУОВ, ТІЛШІ:

Басқасын қайдам, бас қаланың өзінде жұмыртқа бағасы шарықтап тұр. Өйткені құс өнімі соңғы екі аптада бірнеше рет қымбаттаған. Бүгінде базар сөрелерінде 1 данасы 60 теңгенің аржақ-бержағында сатылуда.

Бағаны бағамдау үшін базар бағасын байқадық. Айтуларынша соңғы бір аптаның өзінде 10 дана жұмыртқаның құны 100 теңгеге, 550 теңгеге көтерілген.
 
Айдар АБУОВ, ТҰТЫНУШЫ:


Бір апта, екі апта алдын сәл төмен еді баға. Қазір тағы да қымбаттап жатыр. Бір жағынан халықтың қалтасы көтермейді, мысалға.

Ал, сатушылар болса, бағаның түлкідей түрленуіне өндірушілердің өздері себепші дейді. Өйткені құс фермалары өнімдерін соңғы күндері қымбат бағада өткізіп жатқанын айтады.

Ақмарал ТЛЕНШИЕВА, САТУШЫ:

Мынау 16-сы күні тағы да қымбаттады. Тағы да 20 проценке. Міні 29 күні тағы да келді, берді ғой қағазын қымбаттады деп. Енді біздің көретініміз 10 процент қой қоятынымыз. Ал бізге елдер ренжиді, сендер көтеріп жатсын деп, біздер көтермейміз негізі он-ақ процент қоямыз.

Сонымен жұмыртқа бағасының бұлайша күрт өсуін бүгінде әркім өзінше топшылайды. Бірі мәселе алып сатарларда десе, енді бірі маусымдық өзгерістен деп біледі. Алайда министрлік бағаның шарықтауын бізге былайша түсіндірді.

Саят ҚАМЗИН, ҚР АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ БАС САРАПШЫСЫ:
   
Өнімнің өзінің құнына әсер ететін негізгі фактор, ол құрама жем болып табылады. Яғни былтыр 2020 жылы бидай мен майлы дақылдар өнімдері 15-20 пайызға жоғарылаған. Бұл бір фактор.

Дегенмен бағаны тұрақтандыру қажет. Бұл бойынша бүгін үкімет отырысында сауда және интеграция министрі бұл мақсатта бірқатар кешенді шараларды ұсынды.

Бақыт СҰЛТАНОВ, ҚР САУДА ЖӘНЕ ИНТЕГРАЦИЯ МИНИСТРІ:


Біріншіден әкімдіктер бұл мәселені қатаң бақылауда ұстау қажет және тауарлардың бағаларының өсуі кезінде, шекті бағаларды енгізу кезінде дереу шараларды қабылдау. Импортқа тәуелді және экспортқа бағдарланған тауарлар бойынша тұрақтандыру қорларын толықтай қалыптастыру. Сондықтан осы қорлардың тиісті жұмыстарды күзге дейін емес, осы көктемге дейін жүргізу қажет.

Бекболат САТУОВ, ТІЛШІ:

Бағаға ауыздық салуды министрлік жергілікті әкімдікке жүктеді. Дегенмен меселе тұрақтала ма, жоқ па, ол алдағы күннің еншісінде болмақ.


Б. Сатуов, М. Тоқтасынқызы, Ө. Қуанар