Спорт Қазақстан
$448.89 €477.93 ₽4.76
×

"Алматы-Бішкек" тас жолында жантүршігерлік жол апаты болды

AstanaTV
03.02.2021ж. 20:00
2227
"Алматы-Бішкек" тас жолында жантүршігерлік жол апаты болды

Алматы-Бішкек тас жолында жантүршігерлік жол апаты болды. Жылдамдықты асыра жүйткіген көліктің 23 жастағы жүргізушісі, жаяу жүргіншілер жолағынан өтпек болған балалы әйелді қағып кетті. Қатты соққы салдарынан екеуі де жан тапсырған.

Әсем ЛЕСБЕК, ТІЛШІ:


Қайғылы оқиға Қарасай ауданындағы Сауыншы ауылының маңында болған. Алматы- Бішкек тас жолында келе жатқан «Toyota Camry» жүргізушісі жаяу жүргіншілер жолағынан өтпек болған 52 жастағы әйел мен оның 8 жастағы баласын қаққан.

Жергілікті тұрғындар мұнда жол-көлік апатының жиі болатынын айтуда. Жаяу жүргіншілер жолағынан күндіздің өзінде өту қауіпті десті.  

ДТП жиі болып тұрады. Знак ограничения ешқандай жоқ. Қарап жатқан жоқ. Елдер кейде байқамай пешеходқа сеніп өтіп қалады. Машиналар қатты келеді. Өзіміз қорқамыз өткенге. Ешқандай камера қойылмаған. Түнде бұдан да қатты өтеді.

Тас жолдың бойында жүк көліктерінің өзі үлкен жылдамдықпен жүйткейді екен. Соңғы көлік апаты мұнда бір ай бұрын тіркеліпті. Осыны айтқан ауыл халқы жарықтандыру мәселесін көтерді.  

Оның алдында одан бұрын болды 1 ай бұрын ғана. Онда үлкен адамды қақты жас бала. Мына пешеходтан өткенде бір адам бізді байқамайды. Жеңіл машина тоқтаса камаз тоқтамайды. Камаз тоқтаса жеңіл тоқтамайды.

Ал 52 жастағы әйел мен оның баласын қаққан көлік жүргізуші қазір қамауға алынған. Полиция адам өліміне әкелген жол көлік оқиғасына қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастап кетті.

Әсем ЛЕСБЕК, ТІЛШІ:


Сот 23 жастағы жүргізушінің кінәсін дәледесе, оны 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын тағайындалуы мүмкін.

Ә. Лесбек