Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Коронавирусқа қарсы вакцина жасатпасаңдар, басқа жерден жұмыс іздеңдер

AstanaTV
03.02.2021ж. 20:00
13500
Коронавирусқа қарсы вакцина жасатпасаңдар, басқа жерден жұмыс іздеңдер

"Коронавирусқа қарсы вакцина жасатпасаңдар, басқа жерден жұмыс іздеңдер". Тараздағы №2 қалалық емхананың басшылары қарамағындағыларға сес көрсеткен. Әлеуметтік желіде жылдам тараған бұл видео халықтың наразылығын тудырды. Аталған мекемеде жұмыс істейтін азаматтың бірі жұмыстан қуылатынына қорқып тұрғанын жеткізді.

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ажар Ғиният бұл мәселе жерде қалмайды деп сендірді. Егерде ақпарат расталып жатса, ведмоства талқылап, тиісті шаралар қабылданбақ.  Айтуынша, жедел түрде жергілікті денсаулық сақтау басқармалары және министрлік тарапынан да қадағаланады. Айта кетейін, "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі" Кодексінің 77-бабына сәйкес қазақстандықтар  екпе жасатудан бас тартуға құқылы.

Ажар ҒИНИЯТ, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:


Тараздағы жағдай жөнінде министрлікке келіп түскен ақпараттар бойынша комитетке тапсырма беріліп, тексерістер жүргізіліп жатыр. Әрбір өңірлерде осы министрліктің департменттері бар немесе министрліктің уәкілетті комитеттері бар және санитарлық-эпидемиологиялық комитеттер бар сонда жүгіне алады.  

Ал, Талдықорғанда коронавирусқа қарсы ресейлік Sputnik-V вакцинасын қабылдаған медицина қызметкері есінен танып қалған. Денсаулық сақтау вице-министрі оны екпені қабылдаудан қорыққаннан болды деп отыр. Қазір оның жағдайы жақсы екен. Сондай-ақ министрлік осы уақытқа дейін 5700 медицина қызметкері екпе салдырғанын хабарлады. Алғаш болып дәрілік препаратты қабылдаған Ажар Ғиниятқызында да бірнеше симптомы байқалыпты.  

Ажар ҒИНИЯТ, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:


Бірінші тәуліктерде әлсіздік кішкене байқалды. Көп әріптестерім екпені алған осындай симптомдар болғанын айтады. Күрделі аллергиялық реакция болды деген ақпарат біздің министрлікке жеткен жоқ.


А. Данияр