Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Елордалық еріктілер донор атанды

AstanaTV
04.02.2021ж. 20:00
1653
Елордалық еріктілер донор атанды

Бүгін қатерлі ісікпен күрес күні. Осығай орай, елордалық бір топ еріктілер, қан орталығына барып, донор атанды. 30-ға жуық жас белсенді, жиі қан тапсырып тұратындарын айтады. Олар науқастардың өмірін сақтап қалуға көмегіміз тисе,-дейді. Jas Otan-ның қалалық филиалы төрағасының орынбасары Мағзұм Арсланбек қан тапсыру онкологиялық науқастарды қолдауда маңызды фактор екенін атап өтті.

Арсланбек МАҒЗҰМ, "JAS OTAN" ЖҚ  НҰР-СҰЛТАН қ. ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:


Әрбір кішкентай болсын көмек, мұқтаж адамдарға көмектеседі деген ниетпен біз осында келіп отырмыз. Және басқа да жастарға мұндай акцияға қатысуға шақырамыз.


Ғ. Өтемісов