$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Boeing 737 MAX әуе кемесі қайта көкке көтерілуі мүмкін

AstanaTV
04.02.2021ж. 20:00
1967
Boeing 737 MAX әуе кемесі қайта көкке көтерілуі мүмкін

Елімізде Boeing 737 MAX әуе кемесі қайта көкке көтерілуі мүмкін. Бұл туралы бүгін Қазақстанның авиациялық әкімшілігі хабарлады. Айтуларынша қазіргі таңда әуе кемесіне тексеріс жұмыстары жүргізіліп, ұшақты қайта сертификаттау үшін дайындық жұмыстары қолға алынған. Айтып өтейік, Boeing 737 MAX әуе кемесі Индонезия мен Эфиопияда болған апаттан соң ұшуын бір жола  тоқтатқан болатын.

Boeing 737 MAX ұшағының жұмысын барлық елдер екі қайғылы авиациялық апаттан кейін уақытша тоқтатқан болатын. Алайда Boeing компаниясы қайта сертификаттау үшін АҚШ Федералдық авиация басқармасының және басқа да реттеуші органдардың барлық талаптарын орындаған.  Осыған орай аталмыш әуе көлігі елімізде де қайта көтерілмек.

Питер ГРИФФИТС, «ҚАЗАҚСТАННЫҢ АВИАЦИЯЛЫҚ ӘКІМШІЛІГІ» АҚ БАС ДИРЕКТОРЫ:

Аталмыш әуе кемесі мыңдаған сағаттық тестілеуден өткізілді. Қосымша техникалық толықтырулар мен талаптар ескерілді. Біз ұшақты барынша тексеруден өткіземіз. Егер барлығы жақсы болып жатса, ұшақ алдымен толық бақылауға алынып ел ішінде өз әуе рейстерін бастайтын болады.

Ұшақ түрінің бұл үлгісі үстіміздегі жылы Ұшу қауіпсіздігі жөніндегі еуропалық авиациялық агенттігі және Ұлыбританияның Азаматтық авиация басқармасы тарапынан мақұлданған. Демек алып әуе кемесінің Еуропада да қайтадан жолаушы тасымалдауына жол ашылған.  

Линда ОРЛЭДИ, «ҚАЗАҚСТАННЫҢ АВИАЦИЯЛЫҚ ӘКІМШІЛІГІ» АҚ БАС ДИРЕКТОРЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

Біз үшін адам өмірі қымбат. Сондықтанда ұшақ та, ұшқыштарда толық дайындықтан өтеді. Өздеріңізге белгілі аталмыш әуе кемесінің ұшпағанына да 2 жыл болды. Сол себепті біз барлығын мұқият жасайтын боламыз. Егер рұқсат берілген жағдайда, қауіпсіздік шараларынан алаңдамауға болады.

Сонымен әуе кемесі барлық талаптар мен тестілеуден сәтті өтсе, аталмыш ұшақ елімізде осы жылы өз рейстерін қайтадан бастайтын болады.

Б. Сатуов