$498.34 €519.72 ₽4.85
×

18 мыңнан астам белсенді Елбасының алғыс хатымен марапатталды

AstanaTV
05.02.2021ж. 20:00
1986
18 мыңнан астам белсенді Елбасының алғыс хатымен марапатталды

Мәслихаттардағы 3 мыңға жуық нұротандық депутаттың 69 пайызы праймериз жеңімпазы.  Енді олар өз өңірлерін дамытуға атсалысуы тиіс. Партия төрағасының бірінші орынбасары белсенділерді марапаттау кезінде осылай деді. Сондай-ақ үгіт-насизат науқанына қатысқан 18 мыңнан астам партия жақтастарына Елбасының алғыс хатын табыстады. Бауыржан Байбектің айтуынша, сайлауалды бағдарламаны түсіндіру үшін партиялықтар 30 мыңға жуық іс-шара өткізіп, 7 мың сайлаушыны қамтыған. Бір ай ішінде халықтан 95 мың өтініш келіп түсіпті. Бауыржан Байбек енді уәде етілген бағдарламалардың толық орындалуын қадағалайтынын айтты.
     
Бауыржан БАЙБЕК, "NUR OTAN" ПАРТИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:


"Nur Otan" партиясы өзінің нақты істерімен, нақты уәделерімен халықтың көңілінен шықты. Осы сайлауда халық бізге басым көпшілігі дауыс берді. Бізді қолдады. Біз осы 20 күн ішінде нақты жұмыстарды бастап кеттік. Осыған байланысты әртүрлі  деңгейдегі  «Жол карталарын» әзірлеп жатырмыз. Ең бастысы халықтың, елдің дамуына жағдай жасау.


Гүлназ ӘЛІМГЕРЕЙ, ТЕЛЕЖҮРГІЗУШІ:


5 баланың анасы ретінде, бір телеарнада 15 жыл тапжылмай, табан тайдырмай жұмыс істеп келе жатқан қоғам мүшесі ретінде, ішкі дүнием тұрақтылықты қалайды. Сондықтан мен тұрақтылық үшін дауыс бердім. 15 жыл ішінде шынын айтсам бірінші рет Елбасының алғыс хатын алып тұрмын. Өте қуаныштымын.


Айта кетейік, өңірлерде жаңа шақырылған мәслихаттардың алғашқы сессиялары өтті. Халық қалаулылары 2025 жылға дейінгі 216 аумақтық даму бағдарламасын бекітті. Олардың барлығы сайлауалды тұғырнамаға негізделген. Ақпанның соңына дейін бағдарламаны іске асыру бойынша жол карталары ұсынылмақ.

Ғ. Өтемісов