Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Мүегектердің күтушілері жалақының қысқарғанына наразы

AstanaTV
05.02.2021ж. 20:00
1834
Мүегектердің күтушілері жалақының қысқарғанына наразы

Түркістан облысында мүмкіндігі шектеулі жандардың күтушілері жалақыларын көтеруді сұрайды. Облыстық әкімдік алдына жиылған топ онсыз да мардымсыз ақшаның қысқарып қалғанына наразы. Екі айдан бері памперс те алмай жүрміз дегендер өздеріне жағдай жасалмай отырғанына шағым айтты. Қоларбаға таңылғандарға қолқанат болып жүргендердің жан айқайын әріптесім Айзада Төребекқызы жеткізеді.

Кентау қаласының тұрғыны 1-топ мүгедегі Дастан Орынбасаровтың келіншегі күйеуіне күтуші ретінде қараудан емес, басқармаға есеп беруден шаршағанын айтады. Айтуынша, аурухана мен емханаға апарған түбіртекке дейін талап етілетін көрінеді. Оның сөзінше, биылдан бастап Үкімет тарапынан жеке көмекшілерге төленетін ақша екі есеге қысқарған.  Жеке күтушілердің көңілі толмайтын жәйт көп. Мүмкіндігі шектеулі шарасыз жандар да жыл сайын өзгеретін заң мүгедектерді қолдаудың орнына қинап қойды деп шағым айтты.

Дастан ОРЫНБАСАР, I ТОП МҮГЕДЕГІ, КЕНТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

8 сағатқа әйеліме төлесін қарағанына. 24 сағат әйелім қасымда менің. Туалетке шығамыз,..енді мына кейінгі тағы биыл заң шығыпты. Әр жүрген тұрған, туалетке барған, сиген тышқаныңа дейін түсіріп жүр дейді камерамен отырып дейді. сөйтіп есеп бер дейді кейінгі жаңадан министр. Бұл не деген масқара?! Бұл мүгедекке деген қорлау ғой мынау.

Түркістан облыстық әкімдігінің алдына жиылған наразы топ жеке күтушілерге төленетін қаражат біздің өңірде ғана қысқарғанын дәйек қылуда. Сөздеріне сүйенсек сағатына 310 теңгеден төлейтін болыпты. Бұрындары 30-35 мың теңге шамасында алып келгендер енді сол арзымайтын ақының өзі 24 мың теңгеге түсіп қалғанын айтады.

Райхан ЖҮСІПОВА, ЖЕКЕ КӨМЕКШІ:

20 мың деген не? Магазинге бір барсаң 20 мың теңге ақшаң болмайды ғой, жоқ болады ғой. Оған бір айға кім өмір сүреді? По пробуй өздері өмір сүріп көрсін сол 20 мың теңгеге, мен көрер ем. 200-300 мың айлық алып отырады да отырады олар.

Динара САТЫПАЛДИЕВА, ЖЕКЕ КӨМЕКШІ:

Біз 70 алып отқанбыз. Биыл енді 44-43 боп тұр ғой біздің айлығымыз. Мен мысалыға үш адамға қараймын, мен қалай күн көрем? Жұмыс деген оңай емес, инвалид кісілерге қарау өте қиын. Азанғы сағат тоғызда шықсақ кешкі сағат жетіде үйге кіреміз. –қанша бала-шағаңыз бар? -6 балам бар.


Ал шуласқан топқа мән-жайды түсіндіруге шыққан жауапты басқарма өкілі, тәртіп биылдан бастап өзгергенін уәж қылды. Басқарма басшысының орынбасары Мадина Есімова бұрын жеке күтушілерге 8 сағатқа төленетін төлем, қазір тек көрсеткен қызметінің уақытына ғана есептелетінін жеткізді.   

Мадина ЕСІМОВА, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫ ҮЙЛЕСТІРУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:


Кейбір азаматтар 2 сағат қана баратын жерлері бар. Кейбір азамат 8 сағат барады. Бір айдың ішінде соны жинады. Бірақ бір айдың ішінде күнде 8 сағат жүреді деген ол шындыққа үйлеспейді ғой, мысалы. Жеке көмекші сол растаған құжат бойынша қанша сағат көрсетті қызмет көрсетті, сол қызметке қаржысын алады.
    
Шенеунік күтушілер егер 8 сағат бойы қызмет көрсетсе тиісті еңбекақысын алады деп қосты. Алайда бұл жауап жеке көмекшілерді қанағаттандыра қоймады. Олар ақ қар көк мұзда онсыз да сырқат жандарды қайда қыдырта береміз деп шуласты. Өйткені үй ішінде жағдайын жасау есепке кірмейтін көрінеді. Айта кетейін, Түркістан облысында мүмкіндігі шектеулі 95 мыңға жуық азамат бар. Оларға 2,5 мыңнан астам жеке күтуші қызмет көрсетеді.

А. Төребекқызы