Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Атырауда мейрамхана иелері уақытты созуды сұрайды

AstanaTV
05.02.2021ж. 20:00
1848
Атырауда мейрамхана иелері уақытты созуды сұрайды

Табыс таппақ түгілі, қыруар шығынға баттық. Атыраулық мейрамхана қожайындары аймақтағы бас санитар дәрігердің қаулысын өзгертуді талап етті. Айтуларынша, қоғамдық тамақтану орындарының кешкі 8-ге дейін шектеу, кәсіпкерлерді тақырға отырғызатын түрі бар. Бүгін олар аймақ басшылары мен бас санитар дәрігерді ашық әңгімеге шақырды.

Шығынға баттық деп шырылдаған атыраулық мейрамхана иелері кешкі сегізге дейінгі шектеуді ұзартсын деп талап етті. Айтуларынша, бас санитардың қаулысынан кейін, халықтың қоғамдық тамақтану орнына келуі мүлдем азайған. Нұрлан Мұқышев карантиндік шектеудің әсерінен бір мейрамханасының жұмысы тоқтағанын айтады.

Нұрлан МҰҚЫШЕВ, МЕЙРАМХАНА ҚОЖАЙЫНЫ:


Негізі адамдардың келу уақыты кешкі 8-ден түңгі 1-ге дейін. Қазір келушілер азайған. Менің бір мейрамханам мүлде тоқтап тұр. Бірақ оның жалға алу құқын төлеуім керек. Жұмысшыларымды да ұстап тұру үшін жалақы беруім керек. Былтыр наурыздан бері тек шығынға жұмыс істеп жатырмыз.


Мейрамхана қожайындары мобильді топтардың жұмысына шағым айтты. Олар тұрақты келішілеріді тамақтану орындарынан бездіріп жатыр,- дейді. Кәсіпкерлер проблемасын айтып бірнеше рет аймақ басшысына хат жазған. Алайда құлақ түрген адам болмапты. Сондықтан бас санитарды кездесуге шақырыпты.

Айбар ЖАНИЯЗОВ, АТЫРАУ ОБЛЫСТЫҚ КӘСІПКЕРЛЕР МЕН ЖҰМЫС БЕРУШІЛЕР ОДАҒЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Бізге бірнеше рет кәсіпкерлерден хат түсті. Облыс әкіміне, бас санитар дәрігерге жеткізіңіз деген. Кәсіпкерлер жеке-жеке де шағымдағанған. Бірақ нәтиже жоқ. Біз сондықтан бастамашы топты жинап отырмыз. Кешкі 8-ге дейін деген қаулы біздің кәсібімізді тұншықтырып жатыр. Бізге түнгі 1-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат берсін.

Виктория НҰРПЕЙІСОВА, ҚОҒАМДЫҚ ТАМАҚТАНУ КӘСІПОРЫНДАРЫ ҚАУЫМДАСТЫҒЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ КЕҢЕСШІСІ:

Бас санитардың қаулысын орындау үшін, соңғы тапсырысты 7-де қабылдау керекпіз. Ол өте қолайсыз уақыт. Қазір халықтың мейрамханаға келуі 90 пайызға төмендеп кетті. Сары аймақтағы Нұр-Сұлтан қаласында жеке мейрамханалар түнгі 12-ге дейін жұмыс істейді. Карантин екен деп, салық та, ғимаратты жалға алу құны да, коммуналдық төлем де азайған жоқ. Кәсіпкерлердің ең кем дегенде 5 млн теңге қарызы бар.

Мәселені ашық көтерген жиынға карантиндік шараларға байланысты бастамашы аз топ келгенмен, 50-ге тарта мейрамхананың қожайыны онлайн қатысты. Бас санитар дәрігер мейрамхана уақытын ұзарту өңірдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты деп қысқа қайырды.

Мәдениет ТАНАУОВ, АТЫРАУ ОБЛЫСЫНЫҢ БАС МЕМЛЕКЕТТІК САНИТАРЛЫҚ ДӘРІГЕРІ:

Қазіргі таңда жұманың аяғына дейін эпидемилологиялық ахуалды қараймыз. Содан кейін шешім қабылданатын болады. 24.00ге өзгертіледі сары аймақта тұрақты болатын болсақ.

 
Айта кетейін, өңірде 700-ге тарта қоғамдық тамақтану орны бар.  Ал Атырау облысы қазір эпидемиологиялық жағдайға байланысты сары аймақта тұр.

Б. Надирқызы