Қызылордағы бейімдеу орталығында 11 жылдан бері тұрып жатқан бойжеткен бар. Оның туыстарын, орталық мамандары іздеп көрген, бірақ таба алмапты. Жүйке ауруымен ауыратындықтан мамандарға әсіресе көктем мен күзде қиындықтар тудыратын көрінеді. Құжаттары болмаған соң, тиісті ем-домында ала алмай жүр.
Жұлдыз Сопбековамын деп таныстырған мына қыз бала, өзі туралы толық ақпарат беруге дәрменсіз. Ол жүйке аурулар ауруханасында есепте тұрғандықтан, көктемде және күзде орталық қызметкерлеріне қиындық тудырады екен. Алайда, тиісті емін ала алмай отыр. Себебі қолында құжаты болмағандықтан аурухана оны қабылдамаған.
Жазылбек ТӨРЕБАЕВ, ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАЛЫҚ ӨМІРЛІК ҚИЫН ЖАҒДАЙДА ҚАЛҒАН АДАМДАРДЫ ҚАЙТА ӘЛЕУМЕТТЕНДІРУГЕ АРНАЛҒАН ОРТАЛЫҚТЫҢ ДИРЕКТОРЫ:
Аты-жөнін анықтасақ, ауруына, денсаулығына байланысты мекемелерге жіберетін едік. Өзі «Д» есебінде тұр. Көктем кезінде ауруы қозып кетіп, жан-жағына қауіп төндіреді. Қазіргі таңда ИНН-сіз больницаға жатқызбайды, қарамайды да дәрігерлер соған байланысты көп қиындықтар туындауда.
Бұған дейін Жұлдыз туралы естіп, жан-жақтан оны іздеп келгендер де болған. Алайда, олардың туыстық қатынасы болмағандықтан, алып кете алмапты. Сондықтан құжатттандыру жұмыстары ұзаққа созылып келген. Қазіргі таңда бұл мәселемен қалалық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және АХАТ бөлімі айналысуда.
Индира АҚЖІГІТОВА, ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАЛЫҚ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ, ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР ЖӘНЕ АХАТ БӨЛІМІНІҢ БАСТЫҒЫ:
Сот арқылы оның кім екендігін тану, қазіргі таңда Жұлдыз Сопбекова болса соны тану. Әрекетсіздік қабілетіне байланысты Талсуат елді мекеніндегі Психикалық аурулар ауруханасына жатқызу мәселесіне әрекет етудеміз.
Бүгінде бұл орталықта сотты болған және үй-күйі жоқ елуден аса адам бар. Күн суық кездері он шақты көше қаңғыбасы да келіп, түнеп кетеді екен. Орталық олар үшін ыстық тамақ, жайлы орын, жылы мекен болып тұр.
М. Тоқтасынқызы