$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы халыққа рухани серпіліс әкелуі керек - Қ.Тоқаев

AstanaTV
05.02.2021ж. 20:00
2494
Тәуелсіздіктің 30 жылдығы халыққа рухани серпіліс әкелуі керек - Қ.Тоқаев

Тәуелсіздіктің 30 жылдығын тек мерейтой деп санауға болмайды. Ең алдымен, бұл тарихи оқиғаға идеологиялық тұрғыдан қарауымыз керек. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мерейлі мерекеге дайындық жөніндегі мемлекеттік комиссия отырысында айтты. Ол тағылымдық мәні бар шараларға назар аудару қажеттігіне тоқталды. Ысырапшылдыққа жол бермей, халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға көңіл бөлу керек,-деді. Осыған орай Президент Үкіметке «Әлеуметтік кодексті» әзірлеуді жеделдетуді тапсырды. Бұл арқылы «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидасын берік ұстанамыз деп отыр.

Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:


Азаматтардың арыз-тілектеріне жедел жауап беру қажет. Ең бастысы, Тәуелсіздіктің игіліктерін әрбір отандасымыз күнделікті тіршілігінде сезіне алатын болса – мақсатымыздың орындалғаны.

Сондай-ақ мемлекеттік тілді көтеру мәселесіне де жеке тоқталды. Қазақ тілін жетік білетін әрбір азамат қазақша үйренгісі келген әріптесімен, өз білімін бөліссе екен деген тілегін білдірді. Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев «Наурыз» мерекесін жаңаша атап өтуді ұсынды. Бұлақ көзін ашып, ағаш отырғызу, айналаны көғалдандыру - ұрпаққа экологиялық тәрбиені дәріптеудің тиімді жолы деп атады.

Ғ.Өтемісов