Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

СҚО жаңадан бой көтерген хоккей корты алғашқы дауылда сыр берді

AstanaTV
08.02.2021ж. 20:00
1058
СҚО жаңадан бой көтерген хоккей корты алғашқы дауылда сыр берді

Солтүстік Қазақстан облысында жаңадан бой көтерген хоккей корты алғашқы дауылға шыдас бермеді. Спорттық нысан Ғабит Мүсірепов ауданы Новоишим ауылында тұрғызылған. Ғимараттың құрылысы былтыр басталып, жуырда аяқталған еді. Демалыс күндері аймақта екпінді жел көтеріліп, поликарбонаттан құрастырылған корттың кіреберісі қирап қалған. Сондай-ақ, нысанның жабындысы да сөгіле бастаған көрінеді. Ғимараттың осал жерлерін жергілікті тұрғындар телефондарына түсіріп, әлеуметтік желіде жариялады.

Мемлекеттік бағдарлама аясында салынған хоккей кортына қанша қаражаттың жұмсалғаны жөнінде аудан әкімдігі тіс жармай отыр. Шенеуніктер тілшілердің сұрақтарына жауап беруден бас тартып, тек қысқаша ақпаратпен ғана шектелді.

СҚО Ғ.МҮСІРЕПОВ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМДІГІ:

Хоккей корты 2020 жылы "Жұмыспен қамтудың жол картасы" бағдарламасы аясында Новоишим ауылының Школьная көшесінде тұрғызылды. Ақпанның жетісі күні болған дауылдың салдарынан киім ауыстыратын бөлмеден жабық хоккей кортына дейінгі аралық бұзылған. Ал ғимараттың қаңқасы мен жабындысына зақым келмеген. Олқылықтар 3 күннің ішінде жойылады.


А. Құрманкин