$511.22 €540.05 ₽4.73
×

Автобус жүргізушілерінің ерегесі, тарифтің өсуіне әкеп соқты

AstanaTV
09.02.2021ж. 20:00
2401
Автобус жүргізушілерінің ерегесі, тарифтің өсуіне әкеп соқты

Қостанайда электрондық төлемнен шыққан ерегес ушығып келеді. Қоғамдық көлік жүргізушілері бүгін тағы жұмысқа шықпай қойды. Ал қала билігі автобустарын қаңтарып қойған компаниямен келісім-шартты бұзуға шешім қабылдаған. Қостанай қаласында жолаушылар тасымалымен 5 жекеменшік автопарк айналысады. Олар күніне маршруттық бағытқа 175 қоғамдық көлік шығаруы тиіс. Алайда екі күнен бері 25 автобустың жүргізушісі жұмысқа келмей жүр. Қала билігі  конкурстық міндеттемені орындамаған компаниямен келісім-шарт бұзғалы отыр.

Наурызбай МУСИН, ҚОСТАНАЙ ҚАЛАЛЫҚ ТҮКШ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

 
2 маршрутты 11-ші маршрутпен біз басып отырмыз,  13-ші маршруттың орнына қазіргі таңда 18 бен 25 шығып  бүгінгі таңда 100 пайыз жұмыс атқаруда. «Қостанайавтотранс» компаниясымен келісім-шартты бұзу жөнінде қағаз жіберілген болатын. Жауап күтіп  біржақты олармен келісім-шартты бұзу шешімі қабылданып отыр.

Билік өкілдері бүгіннен бастап тарифтің көтерілгенін мәлімдеді. Енді қала тұрғындары жол ақыға 150 теңге төлейді. Егер электрондық картамен есеп айырысса 80 теңге болмақ. Еске салайық Қостанайда электрондық төлем былтыр қараша айында сынақ ретінде енгізілген. "Жаңа жүйе жолаушылар тасымалындағы табысты анық көрсетеді. Ал аппараттың ақауы бар дегені артық сөз", - дейді бөлім басшысы. Көлік жүргізушілері көлеңкелі табысынан айрылмау үшін нарызылық білдіріп жатыр деп түсіндірді.

З. Санай