Соңғы кездері әскери борышын ерікті өтеушілер саны азайған. Жастардың дені көбіне жалтаратын көрінеді. Мұның себебі неде? Ерікті азаматтардың қатары неге азайған? Сауалдарға жауапты әріптесім Бекболат Сатуов іздеп көрді. Айтпақшы күні кеше Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әскери қызметке шақыру туралы жарлыққа қол қойды.
Иә, нарықтық заман дейміз бе, кейде жаңа ғасырдың жаңашылдықтарын алға тартып, жастардың әскерге барудан бас тартып жататын жиі байқалады. Өйткені борышкерлердің дені әскерге баруды текке уақыт өлтіру деп есептейді.
Ақарыс, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
Жастар әскерге барудан қашады, барғысы келмейді.Менде сондай жастардың қатарындамын .Өйткені 1 жыл уақытым жайдан-жай кететін сияқты. Ендіол жаңағы мемлекеттік жұмыстағы, военный жұмыста істейтін азаматтарға керек шығар. Менің жұмысыма әскери билет түккеде қажеті жоқ.
Психолог мамандар бұл тенденцияның қалыптасуын заманнан емес, қоғамдағы теріс пікірлердің әсерінен дейді. Өйткені жастардың бойында патриоттық рух әлсіз. Сондықтан борышкерлер әскерге барудан қашқақтайтын көрінеді.
Камила АСЫПҚЫЗЫ, ПСИХОЛОГ:
Отбасында балаларды кішкентайынан бастап патриоттық сезім деп айтамыз ғой. Мынау Отанына, еліне қызмет етуге деген тәрбиенің жоғары қойылуы қажет қазіргі таңда. Осы нәрсе кәзір әлсіздеу деп ойлаймын. Снымен бірге қорқаныш сезімі басым. Отбасы да қорқады.
Алайда заң баршаға ортақ. Сондықтан да әскери борышты өтеуі барлық Қазақстан азаматтары үшін міндетті. Айтып өтейік, Президент наурыз–шілдеде және қыркүйек–желтоқсан аралығында мерзімді әскери қызметке шақыру туралы жарлыққа қол қойды. Қаулыға сай әскерге шақырудың кезекті науқаны қайта басталды. Ал, әскери запаста жүргендерден алдымен ПТР сынамасы алынады. Содан кейін ғана борышын атқарған азаматтар санитарлық талаптарға сай үйлеріне қайтарылмақ.
Ғани НҮСІПОВ, ҚР ҚОРҒАНЫС МИНИСТРЛІГІ АҚПАРАТ ЖӘНЕ КОММУНИКАЦИЯЛАР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ӨКІЛІ:
Алдын ала деректер бойынша 2021 жылы қарулы күштер басқада әскерлер мен әскери құрылымдар қатарынан босатылғандар саны 33 мыңнан астам. Ал әскерге шақырылғандар саны 32 мыңнан астам азаматты құрайды.
Қорыта айтқанда, әскерге барудан жалтаруды заң құптамайды. Өйткені әрбір қазақстандықтың өз борышын өтеуі міндетті.
Бекболат САТУОВ, ТІЛШІ:
Айтып өтейік, үстіміздегі жылы еліміз бойынша 100 мыңнан астам жасөспірім әскери есепке алынбақ. Сонымен, Отан алдындағы парызды өтеу әрбіріміздің азаматтық борышы екенін әсте ұмытпағанымыз жөн.
Б. Сатуов