Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Орал тұрғыны «әйелін өлтірді» деген күдікпен ұсталған адамның қылмыскер екеніне сенбейді

AstanaTV
12.09.2017ж. 20:00
3308
Орал тұрғыны «әйелін өлтірді» деген күдікпен ұсталған адамның қылмыскер екеніне сенбейді

"Әйелімді өлтірді деген күдікке ілініп қамалған адамның кінәлі екеніне сенбеймін". Орал тұрғыны Мереке Серікжан "Астана" арнасының тілшілеріне осылай деп мәлімдеді. Айтуынша, күдікке ілінген жігіт - бажасының сыныптасы. Бұрын істі болған, бірақ мұндай қаныпезерлікке баруы мүмкін емес деп отыр. Ал кісі қолынан ажал құшқан ұлым тірі болғанда, қараша айында үш жасқа толар еді,-дейді өзегі өртенген әке.

Оның да отбасы бар. Баласы бар, қызы бар, тумалары бар ол кісінің де. Ауылдан шыққан бала деп айтады. 

Ал облыс прокурорының орынбасары Александр Цуранковтың уәжі басқа. Қанды оқиғаны тексере келе, қылмысты сол азаматтың жасағаны анықталды,-дейді. Қылмыс орнынан табылған айғақ заттар да бұған дәлел.

Александр Цуранков, БҚО прокурорының орынбасары:

Күдікті сол күні қылмыс орнынан көлігімен бой тасалап, кейін оны сатып жіберген.  Қан дағы да табылды. Қолын қайшымен жарақаттап алыпты. Кейін құрбандарды қалай өлтіргенін  мойындады. Қазір барлық айғақ заттар алынды.

Осыған дейін хабарлағанымыздай, Оралда үш адамды пышақтап өлтірді деген күдікпен бір азамат ұсталған. Қалалық ішкі істер басқармасы өкілдерінің дерегіне сай, марқұмдардың бірі күдіктімен көңілдес болудан бас тартқан көрінеді. Қанды оқиғаға осы жәйт себеп болуы мүмкін. Ашуға мінген күдікті келіншек пен оның үш жасар ұлына 18 жерден қайшы тығып өлтіреді. Сол кезде үйде болған басқа бір әйел де мерт болған. Облыстық прокуратураның дерегінше, қазір осы іс бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.