Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Оңтүстік Қазақстанда емдік шөп терген туристер ұсталды

AstanaTV
12.09.2017ж. 20:00
3372
Оңтүстік Қазақстанда емдік  шөп терген туристер ұсталды

Оңтүстік Қазақстанда заңсыз жүрген 31 Ауғанстан азаматы анықталды. Шетелдіктер  Сарыағаш ауданы аумағында дәрілік шөп жинап жүрген жерінде ұсталған. Облыстық көші-қон қызметі басқармасы анықтағандай, ауғандықтар біздің елге туристік визамен келіпті.

Құжат бойынша олар Алматы облысындағы Шарын шатқалы мен өзге де көрікті жерлерді тамашалауға келген сыңайлы. Тағы бесеуі іскерлік мақсаттағы виза рәсімдеген. Қазақстанда 18-тамыз бен 2-қыркүйек аралығында сапарлауы тиіс азаматтардың виза бойынша мұнда болу мерзімі өтіп кеткен. Олардың кері қайтуға асықпағанына не себеп болғаны әзірге белгісіз. Қазір жауапты органдар ауғандықтарды мұндай жұмысқа кімдер шақырғанын анықтап жатыр.

Нұрдәулет Төлегенұлы, ОҚО ІІД көші-қон қызметі басқармасының бастығы: 

Басқа мақсатта бұл шөп қолданылмайды, тек қана дәрілік ретінде қолданылады, соны бағасы жоғары болған соң ба, осы жерге келіп олар теріп кететіндігі. Қазіргі уақытта барлық тексерулер жүргізілуде. Осы азаматтарға әкімшілік хаттамалар толтырылып, осы Сарыағаш аудандық сотына  жолдануда.