$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Дыбыс режиссері музыкалық аспаптарды ломбардқа өткізіп, ақшасын құмар ойынға салған

AstanaTV
11.02.2021ж. 20:00
2309
Дыбыс режиссері музыкалық аспаптарды ломбардқа өткізіп, ақшасын құмар ойынға салған

Атырауда мәдениет саласы қызметкері мемлекеттік мекемеге тиесілі қымбат музыкалық аппаратураны сатып, ақшасын құмар ойынға салып жіберген. Жеңіл жолмен мал таппақ болған дыбыс режиссері, 7 жылға темір торға қамалды.

Боранбай ҒАЛИЕВ, АТЫРАУ ОБЛЫСТЫҚ СОТЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

Атырау қаласының №2 сотының үкімімен Атырау қаласы шығармашылық орталығының дыбыс режиссеры өзіне сеніп тапсырылған мүлікті иеленіп, талан-таражға салғаны үшін ҚР Қылмыстық Кодексінің 189 бабының 4 бөлігінің 2-тармағы бойынша кінәлі деп танылды.


Облыстық соттың мәліметінше, сотталушы шығынның 70 пайызын өтеген. Келеңсіз оқиға былтыр карантиндік шектеу шарасы кезінде орын алған. Құмар ойын құрбаны әріптестерінің онлайн жұмыс істегенін пайдаланған. Құны 71 млн теңге тұратын музыкалық аспаптар мен аппаратты ломбардқа арзан бағаға өткізіп жіберген. Кейін онысына өкініп, басшылыққа өзі мойындап келіпті. 32 жастағы дыбыс режиссері облыстық халық шығармашылығы орталығында бар-жоғы 3 жылға уақыт қызмет еткен. Әріптестері оның бұрын соңды құмар ойынға әуес екенін байқамадық,- дейді.

Жәнібек АМАНИЯЗОВ, АТЫРАУ ОБЛЫСТЫҚ ХАЛЫҚ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ ОРТАЛЫҒЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:

Алаңдарды өткізетін үлкен шараларға шығатын аппаратуралар соған жауапты дыбыс режиссерымыз.  Наурызда ондай шаралар болған жоқ. Ұсақ -түйек өткізетін жиындарға апар деген уақыттарда іштегі охраналарға бастық айтып жатыр деп өтірік алдап, қулықпен, айламен сөйтіп айтқан күзетшілерге.
 

Б. Надирқызы