$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Нұр-Сұлтанда 2025 жылға дейін үш ауысымды мектептер жойылады

AstanaTV
11.02.2021ж. 20:00
1942
Нұр-Сұлтанда 2025 жылға дейін үш ауысымды мектептер жойылады
Нұр-Сұлтанда 2025 жылға дейін үш ауысымды мектептер жойылады. Бұл туралы "Nur Otan" партиясының қалалық филиалындағы депутаттық фракцияның кеңейтілген отырысында айтылды. Көтерілген мәселелердің барлығы сайлауалды бағдарламаның орындалуы бойынша әзірленген жол картасы бойынша жүзеге аспақ. Құжатта өзекті проблемалар төңірегінде 13 негізгі бағыт енгізіліп отыр. Онда алдағы бес жылдықтың ішінде ел астанасында 60 мың орындық 50 мектеп салынбақ.  

Дәулет КӘРІБЕК, "NUR OTAN" ПАРТИЯСЫ НҰР-СҰЛТАН қ. ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

Осы 50 мектепті салатын болсақ біз оны 2021 жылы біз оның 15-ін осы жылдың аяғына дейін іске қосамыз деп отырмыз. Ол Көкталдағы мектеп, Алматы ауданындағы мектеп секілді. Жалпы осы 50 мектеп соғу, жалпы үш ауысымдық мектептерді азайтуға және мектептердегі балалардың тығылысып, бір-бірімен қатар отыруын мүмкіншілігінше азайтады.  

"Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір" бағдарламасының негізінде денсаулық саласына да жоғары басымдық берілген. Мәселен, 2025 жылға дейін 5 ірі денсаулық сақтау нысаны ашылмақ. Оның ішінде онкологиялық орталық, инфекциялық аурухана, перзентхана мен оңалту орталықтары бар. Бұдан бөлек, «Жаяу жүру» қағидаты бойынша тағы 30 - "үйдегі дәрігер" жобасы ашылады. Сонымен бірге, жиында өткір тұрған баспана мәселесі де көтерілді. Тұғырнамадағы жоспарға сай жылына 10 мың пәтер ел игілігіне берілмек.

Алтай КӨЛГІНОВ, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ:

Бүкіл мәселенің бәрі осы қағазға, яғни жол картасына түспесе де бірақ оны жұмыс тәртібі бойынша жасайтын боламыз соған келістік.  Оған толық негіз бар. Біз әрбір мәселені талқылаған кезде жоспарға бекітіп, үш жылдық бюджетке де бекіттік. Әрі қарай екінші үш жылдықты бекіткен кезде бұл негізге алынатын болады.

А. Данияр