Шымкентте биыл 6 мың оқушыға арналған 12 мектеп ашылады. Одан бөлек 1 мектеп пен 2 балабақша күрделі жөндеуден өтеді. Жалпы алдағы 5 жылда 72 білім ошағы салынбақ. Бұл туралы «Nur Otan» партиясының Шымкент қалалық филиалының кезектен тыс 41-ші конференциясында айтылды. Партияның «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасында азаматтарды тұрғын үймен қамту жайы да қозғалды. «Жол картасы» бағдарламасы шеңберінде шаһардағы «Шымкент-сити» және «Тұран» шағын аудандарында 39 үйдің құрылысы аяқталып, 3 мыңнан астам пәтер халық игілігіне берілетіні айтылды. Халықтың өмір сүру ұзақтығын қамтамасыз ету де көзделген. Нұротандықтар ауруханалар салып, халықтың әл-ауқатын көтеруде біршама жұмыс жоспарланғанын жеткізді.
Төреайым СҰЛТАНОВА, ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ, «NUR OTAN» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:
Мектептер жаңадан салу, больницаларды салу, бүкіл дүние жүзінің сапасына сай келетін жан жақты медицина саласын дамыту, оданда басқа көптеген әлеуметтік көпбалалы аналардан бастап, біздің еліміздегі халықтың мұң-мұқтажының бәріне жасалынып отырған бағдарламаны түгелдей орындаймыз деп уәде бердік. Сол бағдарламалардың іс жүзіне асуына біз атсалысамыз.
А. Төребекқызы