Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Алматыда мектеп оқушылары ұлттық аспапта ойнауды тегін үйрене алады

AstanaTV
12.02.2021ж. 20:00
1604
Алматыда мектеп оқушылары ұлттық аспапта ойнауды тегін үйрене алады

Алматыда мектеп оқушылары ұлттық аспапта ойнауды тегін үйрене алады. Мегаполисте "домбыра үйі" ашылды. Оны «Nur Otan» партиясының Алматы қалалық мәслихатандығы депутаты Ерболат Қасымов аудандық әкімшіліктің қолдауымен жүзеге асырған. Халық қалаулысы өз қаражатына ғимаратқа күрделі жөндеу жүргізіп, қажетті құралдарды сатып алды. Бүгінде үйірмеге аспапта ойнауды жаңадан бастаған әуесқой музыканттар мен домбыраға қызығушылығы бар өнерпаздар қабылданған. Курсқа алғаш болып жазылғандардың бірі 9 жастағы Аида. Анасының айтуынша, қызы біршама уақыттан бері домбыраға қызығатын көрінеді. Ол осындай мүмкіндік сыйлаған партиялықтарға алғысын білдірді.

Айжан ЕРКІНОВА, АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Әрбір қазақтың салты деп ойлаймын, домбыра үйренген, ол жақсы ғой. Ұнайды домбыра. Болашақта білсе екен деймін. Алғысымыз шексіз. «Nur Otan»-ға рақмет үлкен! Тегін қатысуға мүмкін беріп жатыр бізге.

Қазіргі таңда тегін курстарға жиырма кішкентай бала қатысып жатыр. Оларға екі мұғалім сабақ береді. Депутат жыл соңына дейін қалада тағы бір осындай орталық ашуды жоспарлап отыр.

Ерболат ҚАСЫМОВ, АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ "NUR OTAN" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Ремонт жоқ болған. Осы біздің Әуезов ауданының әкімі ұсыныс жасаған. Осы ғимаратты ремонттап берсеңіз. Ремонтты жасап бердік. Карантин кезінде балалар мектепке ZOOM арқылы оқып жатыр және сабақтар біткеннен кейін қайтадан гаджеттерде, соткада, планшетте отырады. Балаларды сол гаджеттерден тартып, осындай үірмелерге бағытын берсек деп ойымыз сондай.

А. Данияр