Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

ШҚО 150 мың жаңа жұмыс орны ашылмақ

AstanaTV
16.02.2021ж. 20:00
1548
ШҚО 150 мың жаңа жұмыс орны ашылмақ

Ал Шығыс Қазақстан облысындағы «Жол картасы» аясында, өңірдегі 182 жоба іске аспақ. Аймақта 150 мың жаңа жұмыс ашылады - деп жоспарланып отыр. 113 елді-мекенге су құбыры тартылып, ауыз су мәселесі де оң шешімін таппақ. Сондай-ақ, әлеуметтік нысандардың құрылысын жандару, "Жос картасында" көрініс тапқан. Бұл жайында облыстағы Nur Otan фракциясы отырысында белгілі болды.

Даниал АХМЕТОВ, ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

Біз Ана мен баланы қорғауда медицина қажетті құралдарды сатып аламыз. Бұл үшін 5 млрд-тан теңгеден астам қаржы жұмсалады. Қажетті жабдықтар бірінші кезекте, ауылдың перзентханаларына, аудан орталықтарына жөнелтілетін болады.


Аймақта бүгін май өндіретін 2 бірдей зауыт жұмысын бастады. Мәслихат депутаттары мал шаруашылығын дамытуға қолдау жасау жайын көтерді. Бұл орайда өнімнің бәсекеге қабілетті болуына да баса назар аударылмақ. Ал бағдарламалардың жүйелі, әрі уақытында орындалуын, халық қалаулылары өз бақылауына  алатын болады.

Ө. Қуанар