Алматыдағы тергеу изоляторынан 34 жастағы тұтқын қашып кетті. Ұрлық және алаяқтық бабы бойынша 6 жылға сотталған ер адамды, қазір полиция жаппай іздестіріп жатыр. Қылмыскер осыдан екі күн бұрын қорғаушысымен кездесіп, артынан дәретханаға сұраныпты. Сөйтіп мекеменің апат кезінде шығатын есігін бұзып, сыртқа шыққан. Ал, қоршаудан секіріп кеткен. Қалалық қылмыстық-атқару жүйесі департаментіндегілер қашқынның бұған дейін осы іспен бірнеше рет сотталғанын хабарлады.
Шынар ҚҰСАЙЫНОВА, АЛМАТЫ қ. ҚЫЛМЫСТЫҚ-АТҚАРУ ЖҮЙЕСІ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:
Тергеу изоляторынан қашқан Давотов бұрын бірнеше рет сотталған. Аталған факті бойынша Алматы қаласының Полиция Департаменті Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 426-бабы яғни бас бостандығынан айыру орнынан немесе қамаудан қашу бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Және жедел іздестіру шараларын жүргізуде.
Ә. Лесбек