$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Қытай адам құқығын бұзғаны үшін жоғары құн төлейді,- Д.Байден

AstanaTV
17.02.2021ж. 20:00
2330
Қытай адам құқығын бұзғаны үшін жоғары құн төлейді,- Д.Байден

Қытай адам құқығын бұзғаны үшін қомақты құн төлейді. Бұл туралы АҚШ Президенті Джо Байден мәлімдеді. Ол Бейжіңнің шалғайдағы Батыс Шыңжаң аймағындағы мұсылман қауымына қарым-қатынасы туралы сұраққа, осылай жауап қатты. Джо Байденнің айтуынша Америка Құрама Штаттары адам құқығын қорғаудағы жаһандық рөлін нығайтады. Әрі Қытай оларды құрметтеуі үшін халықаралық қауымдастықпен тығыз байланыста болуды көздейді.

Джо БАЙДЕН, АҚШ ПРЕЗИДЕНТІ:

Қытайдың қылығына әсер ете алатын, Біріккен Ұлттар Ұйымы және басқа да ұйымдарда, адам құқықтарын қорғауды жалғастыруға ниетті екенімізді, ашық айтуды жоспарлап отырмын. Оның салдары болады және Си Цзиньпин мұны біледі. Қытай әлемдік көшбасшы болуға тырысады. Бұл атаққа ие болу үшін олар басқа елдердің сеніміне ие болуы керек. Егер олар адамның негізгі құқықтарын бұзатын шараларға қатысса, сенімге қол жеткізуі екіталай.

Өткен сәрсенбіде ғана Байден, АҚШ президенті ретінде алғаш рет - Қытай халық республикасының төрағасы Си Цзиньпинмен телефон арқылы сөйлескен еді. Тараптар коронавирустың таралуына қарсы күрес шараларын, климаттың өзгеруі және әлемде қару-жарақтың таралуын болдырмау мәселелерін талқылаған болатын. Сондай-ақ Ақ үй қожайыны Гонконг пен Тайваньдағы, Шыңжаң ұйғыр автономиялық ауданындағы жағдайға байланысты алаңдаушылық білдірді. Қытай Орталық теледидарының хабарлауынша, ел Президенті- екі ел арасындағы қарама-қайшылық олар үшін де, бүкіл әлем үшін де апат екенін айтқан.

З. Санай