$498.34 €519.72 ₽4.85
×

"Жол картасына" 600 млрд теңге бөлінді

AstanaTV
17.02.2021ж. 20:00
1178
"Жол картасына" 600 млрд теңге бөлінді

Қарағанды облысында «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасының жол картасын іске асыруға 600 миллиард теңге бөлінді. Нұротандықтар алдағы бес жылда өндірістік өңірдің экономикалық әлеуетін арттыруға күш салмақ. Мұнда жаңа өндіріс орындары ашылып, 150 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылады. Бұған қоса, партия жол құрылысы мен жергілікті тұрғындарды сумен және газбен қамту ісін де өз бақылауына алады. Сонымен қатар өңірде жаңа баспаналарды салу жоспарланып отыр. Аурухана, мектептер мен әлеуметтік мекемелерді жөндеу жұмысы да өз жалғасын табады. Бұл ретте жастармен жұмыс, спорт, мәдениет пен экология мәселелеріне де баса мән берілмек. Қарағанды облысында зиянды заттардың шығарылуын азайту жоспарланып отыр.

Айман ТУБАЕВА, ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТЫ ДЕПУТАТЫ, «NUR OTAN» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

Бағдарламаны жасақтаған кезде жергілікті халықтың тұрмыс жағдайы ескерілді. Облыстың әлеуметтік инфрақұрылымының қазіргі ахуалына мән бердік. Осылайша толғағы жеткен мәселе көп кешікпей шешімін таппақ.

Е. Карин