$498.34 €519.72 ₽4.85
×

СҚО 142 ауылдың су жүйесі жаңартылмақ

AstanaTV
18.02.2021ж. 20:00
1818
СҚО 142 ауылдың су жүйесі жаңартылмақ

Ал, Солтүстік Қазақстан облысы әзірлеген "Жол картасы", тау-кен, вагон өндірісі, бидайды өңдеу сынды ауқымды жобалардың іске асырылуын қамтиды. Бұл мақсатқа 910 миллиард теңге қарастырылып отыр. Аймақтағы "Nur Otan" партиясының мәслихат депутаттары бас қосқан жиында белгілі болды. Қаражаттың тең жартысы инвестиция ретінде құйылса, қалғаны ел қазынасынан бөлінбек.

Асқар САҚЫПКЕРЕЕВ, СҚО ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

"Қызылжар" еркін экономикалық аймағында электро-техникалық қондырғылар, ауыл шаруашылығы техникасы мен азық-түлік шығарылмақ. Инвестиция көлемі 160 миллиард теңгеден асады. Нәтижесінде біз шикізаттық емес сектордың жыл сайын 110-117 пайызға артуын күтіп отырмыз. 2025 жылға дейін қосымша 65 мың жұмыс орны ашылмақ.

Қызылжар өңірі бойынша 142 ауылдың су жүйесі жаңғыртылмақ. Соның арқасында таза ауыз сумен қамтылған тұрғындардың көрсеткішін 93 пайызға дейін жеткізу жоспарланып отыр. Ауыл шаруашылығы саласына да мейілінше көңіл бөлінген. Айта кету керек, игі істерді қамтыған жол картасын фракцияның барлық мүшелері бірауыздан қолдады.

Еркебұлан МӘМБЕТОВ, СҚО МӘСЛИХАТТЫҢ ДЕПУТАТЫ, "NUR OTAN" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Жол картасында бордақылау алаңдары мен сүт-тауарлы фермаларын іске қосудың нақты мерзімі жазылған. Енді партияның мақсаты — аталған жобалардың уақытылы жүзеге асуын қадағалау, оның созылып кетуіне жол бермеу. 


А. Құрманкин