$460.43 €501.04 ₽6.65
×

Қазақстанда сейсмикалық бақылау станцияларының жағдайы сын көтермейді

11 қыркүйек 2017
4628
Қазақстанда сейсмикалық бақылау станцияларының жағдайы сын көтермейді

Қазақстан үкіметі сейсмикалық болжамдар мен зілзаланың алдын алу жайына тиісті назар аудармай отыр. Бұл туралы Алматыда өткен сейсмология тақырыбына арналған халықаралық ғылыми конференцияда айтылды. Жер сілкінісі болжамдарын жақындататын бақылау бекеттерінің жағдайы өте нашар. Қазақстан сейсмологиялық әдістемелік экспедициясын басқаратын Мұхтар Қайдаровтың сөзінше, соңғы 6 жылда компьютерлер мен өзге де техникалар жаңартылмапты. Мамандардың біліктілігі де қайта қарауды қажет етеді. Әсіресе жер сілкінісіне бейім Алматы, Шығыс Қазақстан мен Жамбыл облыстарында сейсмикалық бақылау бекеттері жаңғыртуды талап етеді. Бұл мақсатқа Сейсмология институты мамандары 3,5 млрд теңге қажет деп отыр. Көп жылдан бері бюджеттен тиісті қаражат қарастырылмай келеді. Айта кетейік, Қазақстанда 63 сейсмикалық станция тіркелген.  Ал аумағы Қазақстаннан әлдеқайда кіші Жапонияда 6 мың бекет жұмыс істейді екен.

Мұхтар Қайдаров, «Сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедиция» ЖШС бас директоры:

5-6 жыл жыл болды, тіпті компьютер алуға үкімет ақша бермейді. Станция көбейсе, болжам да жақсы болады. Ол біздің көзіміз, көз болмаса, ештеңе де табу мүмкін емес.  


orda

«Orda FM» радиосы

Бұл жақсы музыка, өзекті жаңалықтар, қызықты бағдарламалар мен еркеліктер толқыны
Онлайн тыңдау
AstanaTV жарнамасы

Телеграм-канал AstanaTV

Подпишитесь на наш телеграм-канал и будьте в курсе всех событий моментально . Участвуйте в различных розыгрышах
Соңғы жаңалықтар