$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Байқоңырда жоғалған баланы екі елдің күш құрылымдары бірлесіп іздеп жатыр

AstanaTV
22.02.2021ж. 20:00
2376
Байқоңырда жоғалған баланы екі елдің күш құрылымдары бірлесіп іздеп жатыр

Қызылорда облысы Байқоңыр қаласында жоғалған екінші бала әлі табылған жоқ. Жеті жастағы жеткіншекті іздеу үшін Қазақстан мен Ресей күш құрылымдары екі күннен бері аяқтан тұрды. Балалар сенбі күні спорт кешенінен шыққан. Бірақ үйлеріне қайтып оралмаған. Бірінің денесі кеше Сырдария өзенінен табылды.

Сенбі күні түсте Байқоңырдағы спорт кешенінің бірінен шыққан екі бала, жоғалып кетті. Бейнебақылау камерасына олардың дарияға беттегені түсіп қалған. Көп уақыт өтпей, бірінің денесін, құтқарушылар мұз үстінен тапты.

Саид МОЛДАҚАРАЕВ, ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ ТЖД БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Ресей федерациясының тікұшағы көтеріліп, 12 сағат 00 минутта Сырдария өзенінің бетінде бір мәйіттің жатқандығы жөнінде хабарлама түсіп, баланың мәйітін алып, Ресей Федерациясы полиция қызметкерлеріне ұсынады.

Жоғалған екінші баланы іздеу әлі жалғасып жатыр. Сүңгуірлер су астын кезсе, кинология қызметі Сырдарияның бойын жағалай іздеуде. Екі елдің де күш құрылымдары жұмылдырылған. Одан бөлек еріктілерде ат салысуда.  

Лиза ИБРАЕВА, ЕРІКТІ:

Балалар өздері сол жерге ойнауға барған. Алдында барып мама мына қара, мына жер керемет деген видеолары бар екен. Ол қай кезде түсіргенін білмеймін. Еріктілер түнімен іздеді. Прожектор алып, бірімен бірі хабарласып халықтың барлығы.

Әзірге іздеу жұмыстары нәтиже бермей тұр. Ал, қайғы жамылған отбасын аймақ тұрғындары қолдау шаралары қолға алды. Арнайы есеп-шот ашып, қаржы жиналуда.

М. Тоқтасынқызы