Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Шымкентте «Мигрант» іс-шарасы кезінде іздеуде жүрген 4 қылмыскер ұсталды

AstanaTV
22.02.2021ж. 20:00
1886
Шымкентте «Мигрант» іс-шарасы кезінде іздеуде жүрген 4 қылмыскер ұсталды

Шымкентте заңсыз жүрген 62 қытай азаматы анықталды. Бұл бар-жоғы бес күнге жалғасқан, «Мигрант» іс-шарасы кезінде белгілі болған дерек. Аспан асты елінің азаматтары шымқаладағы индустриалды аймақта әртүрлі жұмыстарды жалданып істеп келген. Полицейлер көші-қон заңын өрескел бұзғандарды еліне қайтармақ. Жалпы шара барысында 245 шетелдікті анықталған. Оның басым бөлігі көршілес Өзбекстан елінің азаматтары. Шетелдіктерден бөлек астыртын жұмысқа тартылған 74 жергілікті азаматтыңда жауапкершілігі қаралып жатыр.  

Мұхтар БҰХАРБАЕВ, ШЫМКЕНТ қ. ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ:

Іс-шара барысында шетел азаматтарын заңсыз тұрғын үймен қамтамасыз еткен 59 және шетел жұмыс күшін заңсыз пайдаланған 15 Қазақстан Республика азаматы анықталды. Оларға ҚР әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 518 және 519 баптары бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ, іздеуде жүрген 4 қылмыскер ұсталды.

А. Төребекқызы