Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×
Реклама на сайте

ҰҚК-нің бұрынғы басшысы Нартай Дүтбаев 7 жарым жылға сотталды

AstanaTV
11.09.2017ж. 20:00
3578
ҰҚК-нің бұрынғы басшысы Нартай Дүтбаев 7 жарым жылға сотталды

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы Нартай Дүтбаев 7 жыл 6 айға сотталды. Сот үкімі Ақмола гарнизонының әскери сотында жарияланды. Жабық режімде өткен сот отырысында Дүтбаевтан бөлек тағы үш шендінің тағдыры шешілді.

Нұрлан Хасен, Раис Мұратов және Ерлан Нұртаевтар енді өмірінің соңына дейін мемлекеттік қызмет саласында жұмыс істей алмайды. Еліміздің әскери соты баспасөз қызметінің мәліметінше, олар қызметтік шенін асыра пайдаланғаны және мемлекеттік құпияларды жариялауға көмектескені үшін 3 жарым жылдан 5 жылға дейін бас бостандықтарынан айырылды. Айта кетейік, ҰҚК-нің бұрынғы басшысы өткен жылдың желтоқсан айында қамауға алынған болатын.

Батыржан Насымбаев, ҚР әскери соты баспасөз қызметі жетекшісінің міндетін атқарушы:

Оған мемлекеттік құпияны ашып, қызметтік шенін асыра пайдаланғаны үшін 7 жыл 6 ай көлемінде жаза кесілді. Сондай-ақ, өмір бойына мемлекеттік қызметтен шеттетілді. Сот Дүтбаевты "генерал-лейтенант" атағынан және мемлекеттік марапаттардан айырды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.