Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

Өзбекстан азаматы еліне өте алмай жүр

AstanaTV
23.02.2021ж. 20:00
1564
Өзбекстан азаматы еліне өте алмай жүр

Өзбекстан азаматы еліне қайта алмай жүр. Пандемия салдарынан еліне орала алмай жүрген шетел азаматы ік арнамыздан көмек сұрады. Айтып өтейік, жыл басынан бері полиция қызметкерлері 133 мың заңсыз мигранттың елден шығуына көмек көрсеткен. Пандемия кезінде елде қалып қойған мигранттарға қандай жеңілдіктер қарастырылады? Әріптесім Бекболат Сатуов жалғастырады.

Бұл, Өзбекстан тұрғыны, үш баланың анасы Динара Сұлтанова. Бүгінде ол Түркістан облысы, Жетісай ауданында күнелтіп жүр. 2015 жылдан бері, күндік әртүрлі жұмыстарды жасап нан табуға мәжбүр. Пандемияға дейін екі ел арасында емін-еркін жүрген ол, карантинге жабылғалы Өзбекстанға өте алмай қалған. Біздегі жергілікті көші-қон қызметінен көмек ала-алмай жүргенін айтты.

Динара СҰЛТАНОВА, ӨЗБЕКСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АЗАМАТЫ:


Өте алмай қалдым. (Қызым ауырып болницаға түсіп қалғаннан кейін. Сөйтіп мен осы жақта қалып кеттім. Кіріп-шығатын қағаздарымның срогы өтіп кетті. Біраз ақша сұралып жатыр менен қазір. Қанша сұралып жатыр? 300 мың сұрап жатыр. Кім сұрап жатыр? Біз мына жерден миграционныйға келгенбіз жетісайға, сол жерден сұрап жатыр.

Алайда жергілікті көші-қон инспекторы, бұл ақпаратты жалған деді. Керісінше, қолдан келгенше келімсектерге көмек көрсетеміз дейді.

Сәбит МАХМҰДҚОЖАЕВ, ЖЕТІСАЙ АУДАНДЫҚ ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІНІҢ КӨШІ-ҚОН ҚЫЗМЕТІ БӨЛІМШЕСІНІҢ ИНСПЕКТОРЫ:

Біздің одан хабарымыз жоқ. Алайда қолдан келгенше көмектесеміз. Облыста «Сана-сезім» деген ұйым бар. Сол ұйым арқылы ол кісіге өз еліне қайту сертификатын алып беруге болады. Бізге келсін, құжаттарын берсін, біз ары қарай жәрдем береміз.

Айта өтейік, Ішкі істер министрлігі жыл басында елде көші-қон ахуалын мониторингілеуді жүзеге асырды. Нәтижесінде мемлекетте 80 мыңнан астам заңсыз мигранттың бары анықталған. Осыған байланысты республикалық көші-қон қызметі шетел азаматтарына бірқатар жеңілдіктер енгізілгенін мәлімдеді.

Бауыржан ОМАРОВ, ҚР ІІМ КӨШІ-ҚОН ҚЫЗМЕТІ КОМИТЕТІНІҢ АҒА ИНСПЕКТОРЫ:

Еңбекші көшіп келушілер, отбасымен бірігуге келген және де жұмысқа келген еңбекші көшіп-келушілергі бірсыпыра жеңілдіктер кіргізілді. Осы жылғы 5 маусымға дейін олардың болу уақыты келгенмен әкімшілік жауапкершілікке тартылмай, елімізден шығып кетуіне рұқсат беріледі.

Қорыта айтсақ, Ішкі істер министрлігі аталған мерзім ішінде мигранттар құқықтық мәртебелерін реттеп, өз елдеріне кері қайта алады.

Б. Сатуов