$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Алматыда «Алатау» дәстүрлі өнер театрынның экс-қызметкерлері жиналды

AstanaTV
23.02.2021ж. 20:00
2266
Алматыда «Алатау» дәстүрлі өнер театрынның экс-қызметкерлері жиналды

Алматыда «Алатау» дәстүрлі өнер театрынан қуылып кеттік" деген өнерпаздар жиналды. Айтуларынша, бұрынғы басшылық дәстүрлі өнер иелерін жұмыстан заңсыз шығарған. Әрі олардың шәкірттерін де негізсіз қызметінен босатқан. Мәдени ошақтағы мәселемен әріптесім Әсем Лесбек танысып көрді.

«Алатау» дәстүрлі өнер театрынның ашылғанына биыл 5 жыл толды. Өнер ордасының бұрынғы қызметкерлері бес жыл ішінде мұнда бес басшы келіп кетті дейді. Олар енді қазіргі басшыға үлкен үміт артып отыр. Өйткені бұрынғы директор бір жыл ішінде өнер ұжымының 100 қызметкерін жұмыстан шығарған.

Сәуле ЖАНПЕЙІСОВА, ДӘСТҮРЛІ ӘНШІ:

Мен бұл театрдан кеткелі 3 жылға жуық болды. Бір жылдан аса уақыт отырғаннан кейін маған сол кездегі театрдың директоры бұл жерде балалар оқытуға болмайды босатыңыз деді. Ол кезде 100-ге жуық адам жұмыстан шыққан. Ринат келіп отырған 5-ші директор 5 жылдағы.

Қуғынға ұшырағандар бүгін медениет ошағының директоры Ринат Заитовпен кездесті. Жиналғандар жаңа басшыға ұсыныс тілкетерін жеткізді.

Дәстүрлі әншілер кезінде жұмыстан шығарылсақ та, өнер ордасына келіп талабызды айтуға құқылымыз дейді. Ең болмағанда шәкірттерімізді театр сахнасына шығаруға міндеттіміз деп отыр.

Рамазан СТАМҒАЗИЕВ, ДӘСТҮРЛІ ӘНШІ:

Бізде толып жатқан жастарымыз бар. Біздің қазіргі кемшілігіміз бұларды жолға салып көрсете алма келе жатырмыз. Талантты, жаза алатын, көзі ашық, дауысы бар, сахнаның көркін қыздыратын жастарды тарту керек осында.

Ал өнер театрының директоры экс-қызметкерлердің арыз-шағымдары орынды дейді.

Ринат ЗАИТОВ, «АЛАТАУ» ДӘСТҮРЛІ ӨНЕР ТЕАТРЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

Осы уақытқа дейін дәстүрлі өнердің ыстық-суығына шыдап, барлық ауыртпалығын көтерген адамдармен ақылдасып-кеңесу ол біздің қызметтік парызымыз. Олқылықтарды толтыру мақсатында осы жиын өтіп жатыр.

Әсем ЛЕСБЕК, ТІЛШІ:

Жалпы, «Алатау» дәстүрлі өнер театрында 200-ден аса қызметкер жұмыс істеп жүр. Олардың арасында мүмкіндігі шектеулі жандар да бар.

Ә. Лесбек