Бүгін Грузияда жаппай наразылық күшейе түсті. Бүгін үшінші күн. Оған себеп елдегі оппозиция жетекшісі Ники Мелияның тұтқындалуы. Ал, жергілікті билік оны мүлдем саясатқа қатысы жоқ іс бойынша ұстадық деп мәлімдеген. Алайда жиналғандарды бұл жауап қанағаттандырмайды. Грузиядаға жағдайды тілшіміз жеткізеді.
Тиблис орталығындағы наразылыққа үшінші күн. Алайда ешкім кетер емес. Қайта керісенше, алаңда шатырлар тігіліп, белсенділер табандылықпен күресуде. Тұрғындар биліктен - Біртұтас ұлттық қозғалыс партиясының жетекшісі Ники Мелияны босатуды талап етеді. Айтып өтейік, елдегі оппозициялық партияны кезінде Грузияның қашқын экс-президенті Михаил Саакашвили басқарған.
Нино БУРДЖАНАДЗЕ, «ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ ҚОЗҒАЛЫС- БІРІККЕН ГРУЗИЯ» ПАРТИЯСЫНЫҢ КӨШБАСШЫСЫ:
Көріп отырғанымыздай, үкімет халықтың талабына, халықаралық қауымдастықтың ұстанымына мән бермейді. Өйткені олар дәл қазір өздерінің билігі мен табыстарына қауіп төніп тұрғанын көріп отыр. Сондықтан, олар сайлауды манипуляциялады және олар дәл қазір осы елде қандай да бір диктатура құру үшін барлық механизмдерді қолданғысы келеді.
Грузия үкіметі бүгінде оппзоициялық күштерді елдің саяси өміріне араластырмауға тырысады. Оған дәлел Ники Мелиянның ұсталуы дейді жиналғандар. Тәртіп сақшылары қарсыласқан оппозиционерлерге көз жасаурататын газ қолдануда.
Жигиментас ПАВИЛИОНИС, ЛИТВА СЕИМАСЫНЫҢ СЫРТҚЫ ІСТЕР ТӨРАҒАСЫ:
Мүмкін біз жаңа сайлаулар туралы келісіп алғанымыз жөн шығар, өйткені біз жағдайды қалыпқа келтіру қажет деп санаймыз. Бізде бір-бірін қатты жек көретін басшылар бар. Менің ойымша, жаңа сайлау қажет. Бірақ бұл үшін олар бізді тыңдауы керек.
Оппозиция жетекшісі Ники Мелиян 2019 жылы Парламентке шабуыл жасау әрекетін ұйымдастырды деп айыпталуда. Бірақ наразы топ партия лидерінің ұсталуын биліктің құйтырқы әрекеті деп санайды.
Бадри ЯПАРИДЗЕН, «ГРУЗИЯҒА ЛЕЛО» ПАРТИЯСЫНЫҢ БАС ХАТШЫСЫ:
Өкінішке орай, біз Мелиянның тұтқындалуына байланысты өршіп бара жатқанын көріп отырмыз. Мен енді оппозиция наразылық білдіріп, келіссөздер жүргізуді, бітімге келуді сұрайды деп күтемін. Сондықтан, біз тез арада босатуды сұраймыз.
Батыстың әрекеті көп күттірмеді. АҚШ бұл жағдайды «демократия жолындағы кері қадам» деп атады. Ал Еуро Одақ Өкілдігінің басшысы Карл Хартцель БҰҰ кеңсесіндегі оқиғалар «саяси дағдарысты тереңдетіп жатыр» деп мәлімдеді. Ұлыбритания да өз пікірін жария етті.
Марк КЛЕЙТОН, ҰЛЫБРИТАНИЯНЫҢ ГРУЗИЯДАҒЫ ЕЛШІСІ:
Бүгін таңертең Біріккен ұлттық қозғалыс кеңсесінің сыртындағы көріністер мені таңдандырды. Грузияға ең аз дегенде хаос пен зорлық-зомбылық қажет. Мен барлық тараптарды қазір және жақын күндері ұстамдылықпен әрекет етуге шақырамын.
Тбилисидің орталығында жиналған адамдар тарауға асығар емес. Тіпті 26 ақпанда оппозициялық күштердің жаппай демонстрациясын жоспарлаған. Мелиянның қамауға алынуы елдің саяси ахуалын одан әрі ушықтырды. Алайда билік елдегі дүрбелеңге қарамастан Грузия заңды мемлекет деп есептейді.
Б. Сатуов