$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Тобыл өңірінде техникалық спирт сатқан тұрғын ұсталды

AstanaTV
01.03.2021ж. 20:00
2133
Тобыл өңірінде техникалық спирт сатқан тұрғын ұсталды

Қостанайда заңсыз арақ өнімдерін сатқан қала тұрғыны анықталды. Полицейлер күдіктінің гаражынан 600 литрден астам техникалық спирт тәркіледі. Алкоголь өнімдерін заңсыз өткізіп жатқан адам жайлы полицияға белгісіз біреу хабар берген. Учаскелік инспекторлар оқиға орнына жетіп, 5 литрлік пласмас ыдысқа құйылған спирттің сатылып жатқан үстінен түскен. Дереу жедел тергеу тобын шақыртыпты. Тергеу барысында елу жастағы күдікті тиісті құжаттары мен лицензиясы жоқ екенін мойындаған. Алайда техникалық спиртті қайдан алғанын айтпай қойған.  

Темірлан МЫРЗАҒАЛИЕВ, ҚОСТАНАЙ ҚАЛАСЫ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ УЧАСКЕЛІК ИНСПЕКТОРЫ:


Тәркіленіп, сараптамаға жіберілді. Тәркіленген сұйықтық  мөлшері 635 литр. Сараптама қорытындысы бойынша құрамында 75-85 процент градустық спирті бар сұйықтық болып шықты. Әкімшілік кодекстің 282 бабының 3 бөлігі, 1-2 тармақтары бойынша әкімшілік материал процестік шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді.


З. Санай