Қазақстанда мал ұрлығы тыйылмай тұр. Ішкі істер министрлігі ақпанда өткізілген профилактикалық іс-шарада төрт түлікті қолды еткен 224 фактіні анықтапты. Бұл туралы бүгін арнайы брифингте мәлім етті. Қылмысқа қатысы бар деген 192 адам ұсталған. Нәтижесінде заңды иелеріне 610 бас мал қайтарылды. Ал өткен жылы 3 мыңға жуық факті тіркелген. Ұрланған 14 мың малдың ішінен тек 6 мыңнан астамы табылып, иелеріне қайтарылыпты.
Думан ТАЕВ, ҚР ІІМ КРИМИНАЛДЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСТЫҒЫ:
Қылмыс саны аз болса да, иелеріне айтарлықтай материалдық және моральдық шығын келтіреді. Азаматтардың жайлы өмір сүруіне теріс әсер етеді. Сондықтан полицияға ұрлықтың алдын алу мен ашу бойынша ерекше міндет жүктеледі.
Ә. Өмірзақ