Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×
Реклама на сайте

Елбасы Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровпен кездесті

AstanaTV
02.03.2021ж. 20:00
1431
Елбасы Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровпен кездесті

Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанға ресми сапармен келген Қырғызстан басшысы Садыр Жапаровпен кездесті. Елбасы оны президент лауазымына сайлануымен құттықтап, алдағы жұмысына сәттілік тіледі.

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ, ҚР ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ "NUR OTAN" ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Сайландыңыз, қырғыз халқы сенім көрсетті. Туған халқыңның болашағы үшін еңбегің табысты болсын, денсаулығың мықты болсын.  Екі ел арасындағы қарым-қатынас жөнінде көп шаруалар істелді, талай келісімдерге қол қойылды, соның бәрін жандандыру керек.


Сондай-ақ Елбасы екі елдің Тәуелсіздік алғалы бергі саяси-экономикалық тығыз қарым-қатынасына тоқталды. Алдағы уақытта тек оң бағытта дамиды деген сенім білдірді.

Ә. Өмірзақ