Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Петропавлда қылмыстық топ ұсталды

AstanaTV
03.03.2021ж. 20:00
1758
Петропавлда қылмыстық топ ұсталды

Петропавлда контрабандалық жолмен тасымалданған 60 көлік анықталды. Қылмыстық топтың теріс пиғылды әрекетін экономикалық тергеу департаменті әшкере қалды. Топ мүшелері Жапониядан келген көліктерді шекарадан қосалқы бөлшек ретінде кіргізіп, кейін оны жалған құжаттармен ел ішінде сатып отырған. Темір тұлпарлардың арасында халық сұранысына ие Тайота, Хонда, Митсубиси сынды маркалар көптеп кездеседі. Шығын көлемі 650 миллион теңгеге бағаланды. Қазір сала мамандары осы уақытқа дейін сатылып кеткен көліктерді, іздеу шараларын қолға алды. Қазір қылмыстық іс қозғалған. Сотта дәлелденсе, топ мүшелері 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Виктория АЛПЕЕВА, СҚО ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕРГЕУ ДЕПАРТАМЕНТІ АЛДЫН АЛУ ЖӘНЕ БАҚЫЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Көліктердің тасымалдануын Ресей және Қазақстан азаматтары ұйымдастырып отырған. Олар кеденнен көліктерді қосалқы бөлшек ретінде кіргізген. Қоймаларды тексеру барысында 54 жеңіл және 6 жүк көлігі анықталды. Сондай-ақ, қаражат пен жалған құжаттар табылған. Қылмыстық топтың төрт мүшесі ұсталды. Олардың үстінен қылмыстық іс қозғалған. Сотта дәлелденсе, топ мүшелері 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

А. Құрманкин