$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Өрттен зардап шеккен көпбалалы отбасы баспаналы болды

AstanaTV
03.03.2021ж. 20:00
2246
Өрттен зардап шеккен көпбалалы отбасы баспаналы болды

Баспанасы өртеніп кеткен, Алматы облысындағы көпбалалы отбасы бүгін жаңа үйге кірді. Электр сымдарының ақаулығынан шыққан қызыл жалыннан баспанасы тұруға жарамсыз болып қалған. Далада жеті баламен қалған Әбдірахмановтарға, ауылдастары мен кәсіпкерлер қайырымдылық жасады. Сөйтіп Нұра ауылынан үй сатып алған. Әріптесім Асылбек Данияр тарқатып айтсын.

Жеті баланың анасы Махаббат Әлиева баспанасы күлге айналған түнді, әлі күнге көзіне жас алып еске алады. Апат болардан бұрын, күйеуін жұмысқа шығарып салып, балаларымен ұйқыға ыңғайланған. Өртті бірінші болып оның жеті жастағы қызы байқапты. Ол бірден анасы мен бауырларын оятып, далаға қашып шыққан

Махаббат ӘЛИЕВА, АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ НҰРА АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Балаларымды далаға алып шықтым да көршілерге жүгіріп бардым. Көрші бала 20 минутта шықты. Содан шығып балаларды сол үйге кіргізіп қойдық. Содан кейін су шаштық, бірақ ешқандай пайдасы болмады. Оған 4 адам келіп көмектесті. Рақмет, бала-шағамның аман қалғанынада!


Бұл отбасының басына түскен ауыр соққығы көршілері ғана емес, ауылдың қолы ашық, жомарт жандары да бей-жай қарамаған. Барынан айырылған ауылдастарына тамақ беріп, киім-кешекпен көмектесіпті. Одан кейін Әбдірахмановтар жанұясынан үй сатып алу үшін ортадан қаражат жинауға бел буған. Игі бастамаға тек жергілікті тұрғындар ғана емес, өзге де елді-мекендердің азаматтары мен кәсіпкерлер үлес қосқан.  

Ысқақ САЛМАНОВ, АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ НҰРА АУЫЛЫНЫҢ О.ЖАНДОСОВ АТЫНДАҒЫ МЕКТЕПТІҢ ДИРЕКТОРЫ:

Жалпы халықтан 1 миллион 700 мың теңгедей ақша жиналыпты. Есебін берген өткенде айналысып жатқан жігіттер. Енді ол жетіңкіремеде мына үйді алуға. Өзіміздің жерлесіміз Шелектік Ошыров Біләл азаматымызға үлкен рақметімді айтамын. Өйткені жетпеген 3,5 миллион ақшаны сол өзі қолма-қол беріп, осы үйді рәсімдеуге үлес қосқан сол азамат.

«Nur Otan» партиясының мүшелері де үйі өртеніп кеткен отбасыға қаржылай қолдау көрсетті. Сонымен қатар, олар жаңа үйді жиһазбен жабдықтауды жоспарлап отыр.

Ерлан АТАМҚҰЛОВ, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Үйдің жиһаздары мен тұрмыстық техникаларды алуға  көмектесеміз деп уәде етеміз. «Nur Otan-ның» аудандағы мүшелері атынан, партияластарымыздың атынан сондай көмектерді көрсетеміз деп уәде береміз.

Әбдірахмановтардың отағасы баспаналы болғанына әлі сене алар емес.

Канат ӘБДІРАХМАНОВ, АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ НҰРА АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
 

Алғысым шексіз оларға! Алланың нұры жаусын ол кісілерге. Мұндай жағдайды ешкімнің басына бермесін!

Көпбалалы отбасы жаңа үйге қоныстануды қамына кірісіп кеткен.  

А. Данияр