Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

5 адам қайтыс болған жол апаты, әкімшілік жауапкершілікпен ғана шектелген

AstanaTV
05.03.2021ж. 20:00
2706
5 адам қайтыс болған жол апаты, әкімшілік жауапкершілікпен ғана шектелген

Павлодар облысында жол апатынан қайтыс болған 5 адамның туыстары шу көтерді. Олар апатқа кінәлілердің әділ жазалануын сұрайды. Айтуынша, полиция істі сотқа жеткізбей жауып тастаған. Ал жасалған сараптама бұрмаланған - деп отыр. Қайғыдан қан жұтқан марқұмдардың жақындарымен тілшіміз кездесіп келді.

Өзгеріс ҚУАНАР, ТІЛШІ:

5 бірдей адамның өмірін жалмаған апат дәл осы жолда болған. «Ақтоғай-Шолақсор» тас жолының 64-ші шақырымында жеңіл көлік, трактор тіркемесіне соғылған. Апат өткен жылдың қыркүйек айында болды.


Бұл кадрлар жол апаты болған күні түсірілген. Көлікте 5 адам болыпты. Жүргізуші 4 әйелді ауылға жеткізіп тастамақ болған. Барлығы да бір-бірімен ағайынды, құдандалы адамдар болса керек. Андара Төлер осы апатта анасынан айырылды.

Андара ТӨЛЕР, ЖӘБІРЛЕНУШІ:

Бұлар бір емес, екі емес, неге кінәларын мойындамайтынын білмеймін. Соны біз ағына шығарылып берсе екен деп олаймыз.

 
Алтынгүл ҚҰМАРБЕК, ЖӘБІРЛЕНУШІ:

Бұл апатта мен анашымды жер қойнына бердім. Бір ана емес, 4 ананы бердік бір күнде. Өйткені, бәлен жыл асырап баққан анамызды Алладан ғой - деп отыра алмадық. Сондықтан соттың адал шешім қабылдағынын қалаймыз. Ісіміз сотқа жетпей жатыр. Жетпей жатып, жабылып қалып жатыр.

Содан бері 6 ай өтсе де, марқұмдардың туыстары апатқа кінәлердің жазаланбай отырғанын түсіне алар емес. Туыстарының айтуынша, шөп тиеген трактор жолдың бойында тоқтап тұрған. Түнгі уақытта ауыр көліктің ешқандай дабыл белгілері де болмады дейді.  

Қажымұқан ҚҰМАРБЕК, ЖӘБІРЛЕНУШІ:


Түнгі сағат 8-де қараңғы болған. Трактор телечка мен грузбен болған шөппен. Артында гаварит сигналдар ештеңе болмаған. Бұл жерде көлік  өз себебінен апатқа ұшырамаған. Бұл айдан анық. Тайғақ болса, басқа себеп. Бұл жерде трактор прицеппен болып тұр.

Жол апатына байланысты, бір емес екі рет қылмыстық іс қозғалған. Алайда, екеуі де сотқа жетпей жабылып қалыпты. Оған жол апатына марқұм жүргізуші кінәлі деген қорытынды себеп болған. Ал жәбірленушілердің адвокаты, тергеушілер бұл іске селқос қарап отырғанын айтады. Өйткені, тергеу жұмыстары кезінде куәгерлер сөзі бұрмаланған - деді.

Қарлығаш ЖАМАЛИДЕНОВА, АДВОКАТ:


Біріншіден - тракторшының жүргізуші куәлігі болмаған. Екіншіден - трактордың иесі бірінші түсініктемеде жүргізушінің қасында болдым - дейді. Ал екінші түсініктемесінде, ол «Нива» көлігімен трактордың артынан жүріп отырғанын айтады. Яғни, бұл жерде тракторда ешқандай сигнал белгілері болмағанын өзі де мойындап тұр. Сол үшін онымен еріп жүрген. Сонда қалайша, трактор иесі айыппұлпен ғана құтылып кетеді. Бір емес, бес бірдей адамның өлімі болып жатқанда.


Аймақ полициясы, бұл жол апатына қатысты іс бойынша жақсы таныс.

Қабдылманап ӘКИБАЕВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ ТЕРГЕУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ:


Қысқартылған іс заңдылығын тексеру үшін прокуратура органына беріліп, сонда жолданды. Трактор көлігінің иесі мен жүргізуші әкімшілік жауапгершілікке тартылды. Қазіргі жағдайда егер де туысқандары азаматтық қарым-қатынас жөнінде сотқа жүгінуге құқылы.


Жәбірленуші тарап сан мәрте аудандық прокуратураға да арыз жазған. Алайда, құзырлы орган ешқандай жауап бермеген. Бізде де құзырлыларға хабарласып, сұрау хат жолдадық. Әзірге хатымыздың 7 күн қарайтындарын ғана айтты.  

Ө. Қуанар