Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Қаскелең тұрғындары алаяқтың құрбанына айналды

AstanaTV
05.03.2021ж. 20:00
3063
Қаскелең тұрғындары алаяқтың құрбанына айналды

Сенімге кіріп, артынша сан соқтырған! Алматы облысының Қаскелең қаласында бір топ тұрғын, алаяқтың құрбанына айналды. «Шетелден арзан бағамен киім алып, бірге үстіне ақша қосып сатамыз» деген келіншек әрқайсынан кемінде 3 млн теңге алған. Бірақ әлі күнге не киім, не ақша жоқ. Қалтасындағы қаржыларынан қағылған жұрт, кімнен көмек сұрарын білмей дал. Әріптесім Әсем Лесбек, тақырыпты тарқатады.

Сәлима Үсемжанова алаяқтың қақпанына түстім дегендердің бірі. Қолында өзін алдады деген келіншектің фотосуреті ғана бар. Қарызданып, қауғаланып 17 млн теңгесін осыдан бір жыл бұрын алаяқ әйелге санап берген.

Сәлима ҮСЕМЖАНОВА, ЖӘБІРЛЕНУШІ:

Осы магазинға мен бұрында келіп жүретінмін, шетелдің киімдерін таситын. Киім алып жүретінмін. Бір күні келген кезде бірге жұмыс жасайық, шетелден жақсы киімдер алғызамыз деп алдап, 40 мың доллар ақшамды алып. 02/58 Менің ақшамды қайтарып берсе екен деймін. Қамау керек.

Жиналғандардың айтуынша, алаяқ әйел осыдан екі ай бұрын мына дүкенде киім сатып отырған. Мекемеге келген жұртты, «кәсібімді бірге дөңгелетейік» деп уысына түсірген. Уәденің бос сандырақ екенін кеш түсінген жұрт, полицияға арыз жазды.  

Диана АРАЛБАЕВА, ЖӘБІРЛЕНУШІ:
 
Алаяқ Жұлдызбен былтыр наурыз айында таныстым. Мағанда сол уәдені үйіп-төкті. 2 млн теңге алды. Содан бері біз оның үйіне де дүкенге де қанша келдік. Таппадық. Үйінен көшіп кеткен. Соңғы естігеніміз бойынша ол өз-өзіне қол жұмсап тірі қалған. Бірақ қайда екені белгісіз.

Нұрлан БЕКБОЛАТ, ЖӘБІРЛЕНУШІ:
 
Дүкеннің ішінде менің келіншегім жұмыс істеп, соған осы магазинді бірге ұлғайтайық деп ақша алған, 15 млн теңге. Өзіміздің полиция учаскісіне арызымызды жаздық. Тексеру бойынша білгеніміз бұл кісі алдында да осы алаяқтықпенен отырып шыққан адам екен.

Облыстық полицейлер, айыпталушы Жұлдыз Тұрғанбайқызының бұрын істі болғанын растады. Қазір де алаяқтық бабы бойынша оған қатысты қылмыстық іс қозғалыпты.
 
Ақбота ҚУАНЫШБЕКҚЫЗЫ, АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Бұл факт бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 190-бап, 4-бөлігі яғни алаяқтық бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктінің қолынан зардап шегушілердің саны шамамен 20-дай құрап отыр.

Сондай-ақ полиция 47 жастағы алаяқтың көпірден секіріп өз-өзіне қол жұмсамақ болғанын да жоққа шығарған жоқ. Абырой болғанда келіншек аман қалған. Қазір оған сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.  Дегенмен  «алдандық» деген адамдар осы іске Ішкі істер министрлігі араша түссе екен дейді.


Ә. Лесбек